Сондай-ақ айыппұлдың өсуі де ел азаматтарының қалтасын қаққалы тұр. 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңгеге дейін өсті. Бұл барлық айыппұлдың автоматты түрде қымбаттауына алып келді. Мысалы, 2025 жылы оның құны 3 932 теңге болатын.
Қоғамдық жерде балағат сөз айту, қоқыс тастау, қоғамдық орынға мас күйінде шығу, ұсақ бұзақылық сияқты әрекеттер үшін төленетін айыппұлдар енді бір айлық жалақыға жуықтап қалды. Мысалы: бұрын қоғамдық жерде балағат сөз қолданғаны үшін ең төменгі айыппұл 20 АЕК, яғни 78 640 теңге болса, 2026 жылы бұл сома 86 500 теңгеге дейін өсті. Ал саябақ, сквер және өзге де қоғамдық орындарды ластағаны үшін: – алғаш рет бұзса – 10 АЕК, 2026 жылы 43 250 теңгеге дейін;
– бір жыл ішінде қайталап бұзса – 20 АЕК, 86 500 теңгеге дейін айыппұл төлейді.
Алкоголь ішу немесе қоғамдық орынға мас күйінде келу бойынша ең төменгі айыппұл – 21 625 теңгеге дейін (5 АЕК), соның ішінде бір жыл ішінде қайталап бұзса – 43 250 теңгеге дейін (10 АЕК) қымбаттады.
Вандализм үшін қылмыстық жауапкершілікке ең төменгі айыппұл – 432 500 – 865 000 теңгеге дейін (100-200 АЕК), ал ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда ең жоғарысы – 2,1 млн теңгеден 8,6 млн теңгеге дейін (500-2 000 АЕК) өсті.
Сонымен қатар, ғимарат, құрылыс, ортақ пайдаланылатын орындар және көліктегі немесе өзге де қоғамдық мүлікті қорлағаны үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Оның құны – 216 250 теңгеге жетті.
Жол жүру ережесінде 2026 жылдан бастап бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жүргізушілерге айыппұл алғашқы құқықбұзушылық – 10 АЕК (43 250 теңге), қайталанса – 15 АЕК (64 875 теңге) өседі.
Аталған құқықбұзушылықтың бәрі тәртіп орнатуға бағытталғаны сөзсіз. Бірақ табысы төмен азамат үшін бір қателік бірнеше айлық еңбектің ақысын жоққа шығарып жіберуі мүмкін. Ең бастысы Баукеңнің «Тәртіпке бағынған құл болмайды» дегендей әр адам тәртіпті бұзбауы керек шығар?















