Әкімдіктер ӘКК-ні Жер кодексін бұзу үшін пайдалануда

Әкімдіктер ӘКК-ні Жер кодексін бұзу үшін пайдалануда

«AMANAT» партиясы Шымкенттегі қалалық саябақты мемлекет меншігіне қайтаруда

Улы дала_1.JPG

Шымкент қаласындағы «Кең баба» саябағына тиесілі жердің басым бөлігі заңсыз жекеменшікке берілген. Бұған қоса, аталған қаладағы «Ұлы дала» тұрғын үй кешені Жер кодексінің нормаларын бұза отырып салынуда. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жерді әділ бөлу мәселесіне ерекше назар аударады. «AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде осы міндеттің жүзеге асуына қоғамдық мониторингі жүргізіп келеді.

Кен баба_1-min.JPGМәселен, Шымкентте партиялықтар «Кең баба» қалалық саябағында рейд өткізді. Саябақ іргесі сонау 1901 жылы қаланып, оның аумағына бағалы ағаштар, негізінен емен егілді. Бүгінде саябақ аумағы ойын-сауық бизнесі кеңістігіне айналды. Яғни, ондағы 3,5 гектардың 2,6 гектары заң бұза отырып пайдаланылуда. Сот шешіміне сәйкес, жер мемлекет меншігіне қайтарылуы керек. Бақытжан Базарбек алда апелляция кезеңі күтіп тұрғанын айтты. Депутат саябақ аумағында заңсыз салынған мейрамханасы бар қонақ үй кешеніне жеке тоқталды.

«2009 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен 0,5664 гектар жер учаскесі уақытша пайдалануға беріліп, бір жылдан кейін бұл жер жеке меншікке өтіп кетті. Жер кодексіне сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын жерді жекешелендіруге болмайды. Қазір бұл жерде 5 қабатты мейрамхана бар. Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті әкімдіктің қаулысын заңсыз деп тану туралы талап-арыз жолдап, сот алғаш инстанцияда аталған арызды қанағаттандырды», – деді депутат.

Бұдан соң партиялықтар қалалық әкімдіктің жанынан салынып жатқан көппәтерлі «Ұлы дала» тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты. Аманаттықтардың айтуынша, құрылыс компаниясы дәл осы жер учаскесін ешқандай аукционға және конкурсқа қатыспай алыпты.

«Жер аманаты» комиссиясы 2022 жылы қалалық әкімдіктің қаулысымен 2,2 гектар жер учаскесі «Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға 5 жылға уақытша жер пайдалануға берілгенін анықтады. Бұдан соң ӘКК аталған учаскені әкімдіктен сатып алып, кейін жеке құрылыс компаниясына қайта сатыпты.

«Жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін ӘКК арқылы заңсыз беруде. Оны инвестициялық жоба ретінде ресімдейді. Алайда инвестициялық жоба ретінде жаңа өндіріс орындары саналады. Яғни тұрғын үй кешені құрылысы инвестициялық жоба анықтамасына жатпайды. Бұл дегеніңіз – Жер кодексінің 48-бабын бұзу. Құрылысты тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар. Соған қарамастан нысан құрылысы жалғасып жатыр. Пәтерлер еркін сатылымда. Жергілікті биліктің сот шешімін орындауға күші жетпейтін секілді», – деді Бақытжан Базарбек.

Еске сала кетейік, бұған дейін партиялықтар Дендропарк аумағындағы 0,4 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтаруға атсалысты. Жалпы, былтыр Шымкенттегі «Жер аманаты» комиссиясы атқарған жұмыстың нәтижесінде Көкбұлақ тұрғын алабында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 603 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар, қала шегіндегі жалпы аумағы 1,33 гектарды құрайтын екі жер учаскесі де мемлекет меншігіне өтті.

Айта кетейік, өткен екі жылда ел аумағында 10,3 млн гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 3 млн гектарға жуығы халық арасында бөлінді.

Бұған дейін республикалық «Жер аманаты» комиссиясының бастамасымен әрбір ауылдық елді мекендегі жайылым тапшылығы мен мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің тізбесі көрсетілген jerkarta.gharysh.kz интерактивті картасы әзірленген болатын.

Жер мәселелерін жедел шешу үшін қазақстандықтар «AMANAT» партиясының 8 800 080 44 41 «Сенім телефоны» арқылы заң бұзушылықтың барлық фактісі туралы хабарлай алады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмірі бойынша қабылданады.

«Жер аманаты» комиссиясы
13.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 69
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 178
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 182
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 399
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 362
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 980

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9057
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8453
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11681
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9444
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10661