2023 жылдың 23 тамызында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеровтің төрағалығымен Жамбыл облысында уәкілетті мемлекеттік органдармен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру мәселесі бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.
Осы кеңесте салынған әкімшілік айыппұлдарды толық өндіріп алу, сондай-ақ салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру барысында заң талаптарының сақталуына бағытталған бірлескен іс-шаралар атқару жайы талқыланды.
Кеңесті Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров ашып, күн тәртібінде қаралып отырған мәселенің маңызы зор екенін атап өтті.
Жамбыл облысындағы әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жағдайы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент бастығының міндетін атқарушы Г.Б.Дүйсембекова баяндады.
Кеңес барысында уәкілетті органдармен салынған әкімшілік айыппұлдардың ең көп мөлшері Жамбыл облысының Экология департаментіне тиесілі екендігі, яғни 5 млрд. 776 млн. теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынғандығы және аталған мөлшердегі сома Жамбыл облысы бойынша өндіріп алу пайызын күрт төмендетіп тұрғандығы атап өтілді.
Облыстың қала, аудандарына бөліп қарағанда айыппұлдарды өндіріп алудың ең төмен пайызы: Жамбыл ауданында – 63%, Байзак ауданында – 65%, Сарысу ауданында– 66%, Меркі ауданында – 69% құрап отыр.
Аталған аудандар бойынша айыппұлдарды өндіріп, олардың бюджетке түсуі мақсатында қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.
Сонымен қатар, бұл тұрғыда Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Қордай аудандарындағы уәкілетті органдардың жақсы жұмысын атап өтілді.
Өзара талқылау барысында айыппұлдарды мемлекеттік бюджетке өндіруге бағытталған бірлескен іс-шаралар нақтыланып, Облыстың медициналық мекемелерінде құқық бұзушының масаң күйін анықтау үшін куәландыру тәртібін цифрландыру және уәкілетті мемлекеттік органдармен әкімшілік істерді тек электрондық форматта қозғау тапсырылды.