Әлем назарын өзіне аударған саммит

Әлем назарын өзіне   аударған саммит

Астанада 13 қазан күні Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтті. Шараға 50-ге жуық шетелдік делегация, оның ішінде 11 мемлекет басшысы келді.

Әлем алдында біртұтас ел, ынтымағы берік халық екендігімізді тағы бір мәрте көрсете білдік. Тарихы мол, келешегі зор мемлекет ретінде Қазақстан үлкен ұйымшылдықпен аса маңызды саяси оқиғаны атқарып шықты. Астанада өткен Саммит – мемлекет басшыларының дүниежүзіндегі маңызды кездесуі. Мемлекет басшылары мен танымал саясаткерлер елордамыздың төрінде бас қосып, Азияның шеңберінен шығып, ғаламдық проблемаларды талқыға салғаны – айрықша тарихи оқиға.

Саммит Азиядағы қауіпсіздікті ғана сөз етпей, Украинада болып жатқан соғысты тоқтату мәселесін де қамтыды. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрылғанына биыл 30 жыл толып, Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттердің ынтымақтастығы мен өзара ықпалдастығын нығайтуда өз үлесін қосты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөйлеген сөзінде: «ХХІ ғасыр Азияның ғасыр болады деген болжам бүгінде шындыққа айналды. Кеңес Азия құрлығында жұмыс істейтін көпжақты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы дамуға, экономикалық өркендеуге және диалогқа ықпал ететін болады», – деп мәлімдеді.

Саммит нәтижесі бойынша алты құжат қабылданды. 

Бірінші құжат – Азия кеңесін халықаралық ұйымға айналдыру бойынша келіссөздерді бастауға және Кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға жол ашты. 

Екінші құжат – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы мемлекеттер басшыларының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемесі. 

Үшінші құжат –  Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің іс-қимыл жоспары. 

Төртінші құжат – Кувейтке АӨСШК-ке қатысушы мемлекет мәртебесін беру мәселесі бойынша АӨСШК саммитінің шешімі. 

Бесінші құжат – 2022-2024 жылдары бірлестікке төрағалық ету және мемлекеттер мен үкіметтер басшылары кеңесінің және Министрлер Кеңесінің кезекті отырыстарын өткізу мәселелері бойынша АӨСШК саммитінің шешімі. 

Алтыншы құжат – АӨСШК қоры туралы ереже.

Түркия президенті Ердоған өз сөзінде: «Күштер тепе-теңдігі экономикадан азық-түлік қауіпсіздігіне дейін өзгерді, көптеген салаларда үлкен сынақтар бар... Сонымен қатар, халықаралық қауымдастық ретінде Ауғанстанға қолдауымызды жалғастыруымыз керек», – дегенді айтты. Ол үлкен күш-жігер арқасында Украина астығы бойынша Стамбул меморандумы және тұтқындармен алмасуға қол жеткенін айта келіп:  «Түркияның мақсаты – Украинадағы қантөгісті тоқтату. Соғыста жеңімпаз болмайды», – деді.

Ресей президенті В.Путин: «Әлем көпполярлы болып барады және жаңа күш орталықтары дамып жатқан Азия бұл жерде шешуші рөл атқарады», – деді. Әлемдік саясат пен экономикада айтарлықтай өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатқанын атап өтті. Азия жаһандық экономикалық өсудің локомотиві екенін айта отырып: «Ресей де осы процестердің барлығына белсенді қатысады. Біз Азияның дамуы мен өркендеуін, сауда және инвестициялық ынтымақтастықтың кең, өзара тиімді аймақтарын құруды қолдаймыз», – дей келіп, Украина мәселесін айналып өтті.

Осы орайда, 2006-2008 жылдар арасында АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры, 2013-2016 жылдары Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының бас хатшысы болған Жандос Асанов кезінде баспасөз бетінде Кеңесті қазақша қысқа да нұсқа «Азия кеңесі» деп атауды ұсынған еді. Сол ұсыныс табиғи түрде қалыптасып келе жатқандығын қазақ баспасөз беттеріндегі Кеңес туралы ақпараттар көрсетіп отыр.

Бүгінгі таңда Кеңеске мүше елдер саны 27-ге жеткен. Осы саммитте Кеңеске қатысушы ел болып Кувейт кірді. Бұған дейін Кеңестің 5 саммиті өтіп, оған Түркия, Қытай, Тәжікстан және Қазақстан төрағалық етті. Азия кеңесі Қазақстанның халықаралық табысты бастамасы болды деп айта аламыз.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
20.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 132
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 37
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 128
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 132
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 322
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 315
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 939

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9012
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8408
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11633
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9391
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10618