ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ БІРІМЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ БІРІМЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы делегациясының ҚХР-ға іссапары аясында өңір делегациясы Сиань қаласының «Digital content industry research institute» креативті индустрияны дамыту институтында болды. Оқу орнының басшылығымен кездесіп, жұмысымен танысты. Нәтижесінде, Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы Сиань қаласының креативті индустрияны дамыту институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат цифрлық шешімдер мен шығармашылық индустрия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Орталық VR, яғни виртуалды шынайылық құрылғылары, TikTok сияқты әлеуметтік желілерге арналған бейнероликтерді компьютерлік модельдеу, редакциялау бағдарламалар арқылы шығарады. Күніне 50 000 бейнеролик, жылына 10 млрд роликті кәсіби түрде әзірлеуде.
Қазіргі таңда орталықта 200 қызметкер жұмыс істейді және 500 оқушы тәжірибеден өтуде. Оған қоса, қысқа метражды бейнероликтердің кейіпкерлері ретінде 10 мыңнан астам жергілікті халық мерзімді жұмыспен қамтылған.
Бұл келісім цифрлық және шығармашылық бағыттардағы халықаралық серіктестікті нығайтып, саланың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4955
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5120
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20077
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18722
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22180