Әлемнің жасын қалай өлшеп жүрміз?

Әлемнің жасын  қалай өлшеп жүрміз?

Уақыт құрсауының  құпиялары

Абай Мауқараұлы – біздің газетімізде бірнеше жыл (2004-2006 ж.ж.) жұмыс істеп, өзіндік үлес қосқан қаламгер. Газеттен кейін ол діни тақырыпта көптеген еңбектер жазды. Сондай-ақ ғылыми тұрғыда мақалалар жазып жүр. Бүгін біз Абай бауырымыздың осы тақырып аясындағы мақаласын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Біз, адамзат қауымы Жер бетінде жаралғалы бері уақыт құрсауындамыз. «Уақыт құрсауы» ұғымын да сол құрсаудың өзімен өлшеуге мәжбүрміз: Күннің шығып батқанын бір күн, яғни бір тәулік дейміз. Тәулікті 24 сағатқа бөліп, бір сағатты алпыс минутқа, бір минутты 60 секундқа шартты түрде бөлеміз. «Жарықтың бір секундта жүріп өтетін жолы» деп аталатын «жарық жылдамдығы» деген салыстырмалы жылдамдық өлшемі де осы уақыт құрсауындағы уақыт өлшемінен туындаған.  Осы өлшем бойынша «жарық фотандары Күннен жер бетіне дейін сегіз минуттан сәл астам уақытта жетеді, ал Айдан бір секундтай уақытта келіп үлгереді» дейтін теория бар. Сөйтіп жарықтың бір секундта жүріп өтетін қашықтығын шамамен үш жүз мың шақырым деп есептеп, бір жылдағы, яғни 525 600 секундта ішінде жүріп өтетін жарықтың жолы бойынша «жарық жылы жылдамдығы» дейтін өлшемді шығарып келеді. Осылайша біздің галактиканың кеңдігін және біздің галактикадағы Күнге ең жақын жұлдыздың арақашықтығын осы «жарық жылы» деген өлшеммен шамалап, адамзат өзінің астрономиялық өлшемін жасап алған.  

Алайда осы жер шары құрсауындағы өлшемді шетсіз-шексіз әлемнің өлшемі етіп алу ақылға қонымсыз. Оның ақиқатқа сай емес екенін, қазіргі кезде әбден қалыптасып кеткен мына өлшемдерден-ақ білуге болады. Біздің ғарыштағы жалпы мекеніміз халық тілінде «Құс жолы», астрономияда «біздің Галактика» деп аталады. Күн – осы галактикадағы көп жұлдыздардың бірі ғана. Ғарыш кеңістігіндегі біздің галактиканың да өз орталығы бар. Оның құрамындағы бүкіл жұлдыздар да, Күн де сол орталықты айналады. Біздің галактикада шамамен 100 млрд жұлдыз бар! Осы галактикада біздің Күннен он есе, жүз есе үлкен жұлдыздар да бар және жүз есе кіші ергежейлі жұлдыз да бар екені анықталуда. «Соның бәрінде өз-өз ғаламшарлары айналып жүрген болуға тиіс» дейді астрономдар. Біздің Күн осы галактика жүйесінің орта тұсында өзін қоршаған 8 ғаламшарын ертіп галактика орталығын айналып жүр. Галактика орталығын бір айналып шығу үшін біздің Күн жүйемізге 250 миллион жыл қажет болады екен. Осы сұмдық ұзақ уақытты «ғарыш жылы» деп атайды. 

Астроном (Вермеер) — ВикипедияАстрономдардың болжамы бойынша, Күн жүйесі жаралғаннан бері 24 ғарыш жылы ауысқан, олай  болса Күн жүйесі «жас жігіт» секілді деген сөз. Галактиканың кеңдігін «жарық жылы» деген өлшеммен ғана түсінуге болады. Егер галактика кеңдігіне километрді қолдансақ, ондай санды жазуға шамамыз жетпес еді.  Біздің галактиканың бір шетінен келесі шетіне дейін жарық 100 000 жылда жүріп өтеді. 1000 жыл емес, 10 000 жыл емес, 100 000 жыл бойы зымыраған жарықтың жүріп өтер уақыты осындай,дейді.  Біздің галактикадағы Күнге ең жақын жұлдызға дейін жарық 4,5 жыл зымырайды. Сонда осы өлшемдер бойынша мұны былай пайымдауға болады: Біздің галактиканы біздің ауыл десек, Күн жүйесіндегі ғаламшарлар үй ішіндегі заттар секілді, ең алыс ғаламшар (Нептун-Көкжұлдыз) есіктің алдындай жерде деген сөз. Ең жақын жұлдыз ауланың ішінде, ал галактика орталығы ауланың қақпасындай қашықта, галактиканың келесі шеті ауылдың шетіндей десек ақылымызға жеңіл келеді.  Шексіз-шетсіз ғарышта біздің галактикамыздан басқа тағы да біздің галактика секілді 3 млрд галактика қазір есепке алынғаны айтылуда. Иә, мұның бәрін соңғы 50 жылда пайдалана бастаған радиотелескоп арқылы ғана ашуға мүмкіндік туды. Егер біздің галактикаға ұқсас галактикалар болса оның әрбірінде миллиардтаған жұлдыздар болуға тиіс. Бірақ галактикалардың да соншама көп түр-түрі бар екен, шар тәрізді, шоғырланған, шеңберленген, шашыраған, спираль секілді тағы мәлім емес түрлері де болуы мүмкін. 

Астрономдардың болжамы бойынша, осы галактикалар да миллион-миллионнан топтасып, жеке галактикалар жүйесін құрған болуы да ықтимал, дейді. Олар да бірлесіп бір үлкен орталыққа бағынған болуы ықтимал. Ондай жүйені «метагалактика» деп атайды екен. Егер олай болса, ол метагалактикаға жарық қанша уақытта жете алады деген сұраққа оның ең шетіндегі галактикаға жарық 9 млрд жылда жетеді деп есептеген. Алайда Энштейннің салыстырмалы теориясы бойынша әлем секунд сайын кеңеюде деген теория тағы бар. Сонда әлемнің шегіне, ғарыштың соңына жету мүмкін емес секілді. Оны былай пайымдауға болады, шексіз әлемді сахара шөлі десек, біздің галактика сол шөлдегі бір түйір құмдай ғана деген сөз! Бұл өлшемдердің бәрі алғашында материалистік теория бойынша яғни ғылыми дейтін категориямен жасалып қойған, әлі де сол бойынша алға жылжуда. Осы қалыптасқан өлшемдермен әлемнің жаралу уақытын есептеп табамын деудің өзі күлкілі емес пе?! Жоғарыдағы өлшемдер бойынша, ең шеткі галактика қалыптаспай тұрып шыққан жарық сәулесі жерге 9 млрд «жарық жылы» уақытымен қазір жетіп жатыр екен деу далбаса сөз ғой. Ғылымда айтылып жүрген әлемнің бастауы «Ұлы жарылыстан» (винбанг) бері қарай деудің өзі де қазіргі уақыт өлшеміне ешқандай сай келмейтінін түсіну қиын емес. Себебі біз өзіміздің жердегі уақыт құрсауымен пайымдайтын қасаң түсінікке әбден байланғанбыз, осы танымнан шыға алмаудамыз. Міне осы материалистік қасаң таныммен жер бетіндегі тіршіліктің бастауларын да өлшеп, динозаврлар  дәуірін, адамзаттың жаралу кезеңін есептеуіміздің қазіргі кезде қате екені археологиялық қазбалардан әшкереленуде. Сонда да осындай өздері пішіп-кесіп қойған өлшемдеріне сай келмейтін қандай нәрсе болса  болды «аномалия» деген атау таға салатын материалистік әдет қала қоятын емес.   

Шын мәнінде, адам жердің уақыт құрсауынан шыққан кезде бұл қалыптасып қалған өлшемдер мүлде күшін жоятынын қазіргі ғылым мойындауға мәжбүр. Өйткені уақыт өлшемінің негізі ғаламшарлардың айналысымен есептелетіні белгілі болған. Онда, адам жер орбитасынан шыққан кезде-ақ, жер бетіндегі уақыт өлшемі өзгереді, уақыттың басқа өлшемі басталады. Мәселен Айдың шығыс жақтан жіңішке болып туып, дөңгелене толып қайта жіңішкере таусылып аяқталуын «бір ай» дейміз. Жер шарының Күнді бір айналып шығуын «бір жыл», яғни «Он екі ай» деген маусымдық мерзіммен атаймыз. Құранда осы өлшем жердегі адамзатқа тән, деген аят бар және Күн жүйесі айналыс кезінде өз жазықтығында (эклиптика) тұрақты көрінетін 12 шоқжұлдызды қиып өтетін жылдарға созылған уақытты көшпенді халықтар «бір мүшел» деп атаған. Осы бойынша 12 жылға 12 жануардың атын қойып, туған баланың уақытын қай жануар жылында туғанымен белгілеп алып, қанша жыл өтсе де жасаған жасын дәл анықтайтын еді. Мұны «жыл қайыру» деп атайтын. Өйткені көшпенділер уақыт есебін күннің батып-шығуымен емес, айдың тууымен, ай тоғыстарымен есептейтіндіктен уақыт есебін өте дәл анықтайтын ілімге жеткен болатын. (Құранда: «Күнді тіршілік үшін жарық пен жылу беретін шырақ, Айды уақыт есептейтін нұр етіп жараттық» дейтін аят бар). 

Былайша айтқанда, қазір григориан күнтізбесі деп аталатын күннің шығып-батуымен есептелетін жыл уақыты 33 жылда бір жылмен кейін қалатыны дәлелденіп қойған. Ал «мүшел есебі», «ай есебі», «тоғыс есебі» еш қателіксіз екені әлдеқашан мойындалған ақиқат. Мұның себебі неде? Себептің бәрі материалистік жалған көзқарастың адамзатқа үстемдік құрып, Құран бойынша келген ақиқаттың ескерусіз қалуында, ұмыттырылуында. Материалистік теория тек қана қалыптасқан уақытты бағдар қылады. Олар өткен шақ, осы шақ, келер шақ деп айта тұра, осы уақыт кезеңдерін анықтауда іліми тұрғыда дұрыс  жолға жете алмаған. Содан да, материалистер «өткен шақты» тек қана жер қойнауынан табылған азды-көпті қазбалардың түрі бойынша негізге алып, бәрін қолмен қойғандай етіп, өзгермейтіндей көріп, қатырып тастайды. Осыны «ғылым» деп тастай қатады. 

Құран бойынша бүкіл әлем қалай пайда болған?Әлем жаралған 6 күнді қалай түсінеміз? Құранда Ұлы Жаратушы «әлемді алты күнде жаратты» деген аят бар. Бұл аталған алты күннің Жердің 6 күні емес екені анық. Ғарыштың алты күні яғни жоғарыда баяндалған «метагалактика айналысының күні» екенін түсіну қиын емес. Өйткені «Хажы» атты сүреде Құдайдың жанындағы бір күн сендердің жердегі мың жылдарыңмен  тең деуі тағы бір сүреде мұндағы бір жыл сендердің жердегі елу мың жылдарыңдай деуі осы өлшемді меңзегені.  Ал адамзаттың жердегі уақыт құрсауында екендігін дәлелдейтін сүрені Құранның ғажабы деуге болады. Өйткені жердегі уақыт құрсауы бойынша ғарыш қашықтығын есептейтін астрономдар егер, қандайбір ғарышаралық аппаратпен адамды ең жақын жұлдыздың ғаламшарына ұшырса, оның өмірі жетпейді дейді. Расында, солай ма? Олай емес, екенін Құран «Исра» (Түнгі сапар) сүресіндегі таңғажайып оқиға бойынша жоққа шығарған. Адамзаттың ақырғы пайғамбары Ұлы Жаратушының қалауы бойынша, Меккеден Палестинадағы Ақса мешітіне, одан кейін шексіз ғарыш кеңістігіне сапар шегеді. Сүреде пайғамбар әлемнің соңғы қақпасына яғни шегіне жетті, оған дейін Жәбірейіл періште жолдас болды, одан ары Алла Тағаламен жүздесті дейді.  Мұны Ислам сенімінде «Миғраж оқиғасы» деп, атаған. Оған иманға келген көкірек көзі ашық адамдар ғана сенген. Ғайыпқа сенбейтін сол замандағы дінсіздер мен осы заманғы атеистер де бұл таңғажайып құбылысқа сенбейді. Өйткені, олар күнде көзбен көріп жүретін көріністі ғана мойындайды. Сөйте, тұра сол заманғы Мекке мүшріктері «Миғраж оқиғасын» тексеріп көрген. Олар Ақса мешітінің жағдайын пайғамбардан с.а.у. сұрағанда ол бәрін көзбен көргендей айтып берген. Бірақ көкірек көзі көр болғандар таңғажайыпты – сиқыр, дәлелді – көзбояу деп атап ақиқатқа қарай аттап баспайтын болғаны Құранда әбден айтылған еді. 

Ал мұндағы айтпағымыз, жердегі уақыт құрсауымен біз бүкіл құбылысты, уақытпен егіз шексіз кеңістікті,  осы екеуін жалғайтын жылдамдықты өлшеудің қате екенін жеткізу еді. Оның дәлелі «Миғраж оқиғасында»  «Түнгі сапарға» шыққан пайғамбар әлемнің шегіне жетіп, өз үйіне оралғанға дейін жатқан төсегі де суымаған, құлаған құмырадағы су да толық төгіліп бітпегені туралы риуаят жеткені біздің уақыт құрасуында екенімізді де қоса дәлелдеп тұрғандай. Өйткені шетсіз кеңістікті де, ондағы саны шексіз ғаламшарларды да, олардың айналысын өлшейтін уақытты да жаратқан Ұлы Жаратушы болғандықтан, жаратылған адамзат Оның теңдессіз ілімінің алдында бас игеннен басқа шарасы да жоқ. 

 

Ермек Сахариев, Шаргүл Қасымханқызы
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 126
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 314
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 938

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9011
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8406
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11632
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9390
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10616