Әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды

Әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте әлеуметтік сала нысандарының алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.

Басқосуда алғашқы болып баяндама жасаған денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова қазіргі таңда басқармаға қарасты 389 денсаулық сақтау ұйымында алдағы 2023-2024 жылдар аралығындағы жылыту маусымына дайындық шаралары жүріп жатқандығын жеткізді. Оның ішінде 173 нысан қатты отынмен, 1 нысан дизельдік отынмен, 186 нысан табиғи газбен және 29 нысан орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытылады.

- Қатты отынмен жылытылатын нысандарға 4469 тонна көмір қажеттілігі жоспарланып, бүгінгі күнге 100 пайыз Шұбаркөл көмірі жеткізілді.

10 аудан мен шалғай елді мекендерді қамти отырып 17-24 шілде аралығында жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысына зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Ауылдық елді мекендерде орналасқан медициналық нысандардағы жылыту пештеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүзеге асуда.

Сонымен қатар, нысандардың қазандықтары мен жылу жүйелері тексеріліп, жоғарғы қысымды сынақтан өткізіліп, жылыту маусымына дайындық паспорттары алынуда, монометрлер мен термометрлер де арнайы зерделенді,-деді Жанар Оспанова.

Сондай-ақ, басқарма басшысы зерделеу жүргізу барысында Меркі, Жуалы аудандарына 1 данадан, Мойынқұмға 2 дана, Шуға 4 дана табиғи газбен жұмыс істейтін пеш сатып алу қажеттілігі анықталып, алдағы бюджет нақтылауына тиісті қаржы бойынша өтінім ұсынылғанын тілге тиек етті.

Кеңесте облыс әкімі жергілікті жердегі білім, мәдениет және спорт нысандарының жылыту маусымына дайындығы жөнінде тиісті басқарма басшыларының, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің жеке-жеке есептерін тыңдады.

Аймақ басшысы жылыту маусымына дайындық шаралары кедергісіз, сапалы жүру керектігін, қыс мезгілінде әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер шын мәнінде жеткілікті деңгейде жылы болуы тиіс екендігін баса айтты.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов әлеуметтік нысандардың жылыту жүйесін газға ауыстыру жұмыстарының барысына да назар аударды.

Кейбір әлеуметтік нысандарының саны бірдей аудандардың сатып алған көмірлерінің көлемі әртүрлі екендігіне көңіл бөлген облыс әкімі бұл бойынша жауаптыларға тексеріс жүргізуді тапсырды.

Жиын қорытындысымен Нұржан Нұржігітов тиісті тұлғаларға барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен инженерлік желілердегі жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес атқарылуын бақылау, жөндеу жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін аяқтау, білім нысандарының 1 кыркүйекке дейін дайын болуын қадағалау, көпқабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындау жұмыстарын 20 кыркүйекке дейін аяқтап, әзірлік паспорттарын жасау және коммуналдық қарыздарды өтеу бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажет болған жағдайда әкімшілік шараларды қабылдау жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
01.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 137
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 329
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 322
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 945

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9019
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8415
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11642
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9398
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10625