Әліппесі – әдеп, міндеті – мінсіз болуы тиіс

Әліппесі – әдеп, міндеті – мінсіз болуы тиіс

«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден», – деп Алаш арысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, халықпен жұмыс істеу үшін жағымды мінез-құлық керек-ақ. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек, адамдар арасында осы қызмет туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет.

Мемлекеттік қызметшінің әдебі – өте маңызды ұғым. Өйткені, мемлекеттік қызметшінің тәртібі мен өзін-өзі ұстауына, кәсіби біліктілігіне, халықпен қарым-қатынасына қарай халықтың тұтас мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады. Сондықтан да елімізде мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары қалыптасқан. Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуі тегіннен тегін емес. Қоғамның айнасы саналатын мемлекеттік қызметшілер өз әрекетімен өзгелерге үлгі болуы керек.

Мемлекеттік қызметкерлер әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсете білуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы қоғамда оң пікірді қалыптастыруға тырысуы керек. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегендей, саусақпен санарлық адамдардың өрескел әрекеті тұтас мемлекеттік қызметкерлерге күйе болып жағылмауы қажет. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс. Ол үнемі саламатты өмір салтын ұстанып, отбасы құндылықтарын да насихаттауы қажет.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді ең алдымен халықтың үнін естуге, көпшіліктің үніне құлақ асуға шақыруда. «Еститін Үкімет тұжырымдамасының» да басты қағидасы осы. Мемлекет басшысының бюрократиядан арылу жөніндегі Жарлыққа қол қоюы да тегіннен тегін емес. Яғни, мемлекеттік қызметкердің басты міндеті – халыққа адал қызмет. Сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің осы кәсіби міндетіне де адал болуы шарт.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі – қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптіктер іс қылықтарды болдырмаудың алдын алу жұмыстан тыс кезде заң бұзушылықтарға жол бермеу. Бүгінгі таңда қоғамымызда әлеуметтік желілердің кең қолданыста екенін ескере отырып, мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерде қарапайымдылық, сыпайы бейнесіне сай келмейтін өрескел суреттер орналастыруға тыйым салынады.

Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшіге беделін түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдайлардан бойын аулақ ұстау қажет. Жол қозғалысы ережесін бұзу, алкогольді мас күйде автомобиль басқару, сондай-ақ жол полициясы қызметкерлеріне бағынбау өрескел әдеп бұзушылық болып табылады. Рас, қазір әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің кейбір әрекеттерін ұялы телефонына түсіріп алып, айтарлықтай дау тудырып, қоғам назарын өзіне тез аударып жатады. Демек, халық мемлекеттік қызметшілерден әрқашан жауапкершілік күтеді әрі талап етеді. Сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің әдебі барлық уақытта маңызды.

Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексіне сәйкес басшы және қоластындағы қызметкер барлық тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңдық мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынас жасау кезінде сыпайылық және әдептілік танытып, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары болуына атсалысуы керек. Жалпы, мемлекетке деген құрмет мемлекеттік қызметші арқылы қалыптасатынын әркез ұмытпағанымыз жөн.

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге арналған Әдеп кодексінің жаңа редакциясы қабылданды. Нақтырақ айтсақ, кодекстің құрылымы өзгертіліп, «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары» туралы тарау енгізілді. Бұл кодекс мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебін стандарттауға және өрескел мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған.

Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі туралы 6 қағида негізделді. Атап айтқанда, адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану тараулары бар. Жалпы, жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілеуге бағытталған және мемлекеттік қызметшілердің бойында моральдық-адамгершілік қасиеттерді орнықтырудың негізі. Уақыт сұранысына сай толықтырылып отырған заңнамамыз еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің жүріс- тұрысына әрі қорған, әрі бағыт-бағдар болары сөзсіз.

 

Шыңғыс АЙНАҚҰЛОВ, облыс бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары.
26.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 99
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 291
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 913

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8986
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8381
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11606
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9364
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10590