Алматы облысында 12,5 мың гектар егістік жерді сумен қамтуды жақсартатын екі жоба аяқталуға жақын

Алматы облысында 12,5 мың гектар егістік жерді сумен қамтуды жақсартатын екі жоба аяқталуға жақын

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар кездесу өткізді.

Іле ауданында ведомство басшысы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен бірге жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың өңірдегі ирригациялық каналдарды реконструкциялау және Күрті мен Бартоғай су қоймаларындағы су көлеміне қатысты сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ министр жергілікті тұрғындармен есептік кездесуде Алматы облысында атқарылып жатқан жұмыстар мен су шаруашылығын дамытуға бағытталған алдағы жоспарлар туралы баяндады. Бүгінде өңірде 11 жоба іске асырылып жатыр, оның 10-ы ирригация және суару мәселелеріне қатысты. Сонымен қатар Қарасай ауданында топтық су құбырының құрылысы жүріп жатыр.

Биыл аяқталатын екі жоба аясында 12 481 гектар суармалы жерге су жеткізуді жақсарту мақсатында тозығы жеткен ирригациялық және дренаждық жүйелер қалпына келтіріледі.

«2028 жылға дейінгі су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, облыста екі жаңа су қоймасын салу көзделіп отыр. Сонымен қатар Бартоғай су қоймасының бөгетін сейсмотұрақтылық тұрғысынан реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, үш су қоймасына күрделі жөндеу жасау, 2636 шақырымнан астам ирригациялық каналды реконструкциялау және 270,3 шақырым каналды автоматтандыру, сондай-ақ 74 гидротехникалық нысанды көпфакторлы зерттеу жоспарланған», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Министр баяндама жасап, Алматы облысындағы Сорбұлақ жинақтаушы көлінің жұмысына, магистральді каналдарды реконструкциялау мерзімдеріне және Ислам даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылатын жоспарланған жобаларға қатысты тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

17.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 356
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 547
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 560

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19248
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19097
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34240
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32811
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36616