Маусым айында Алматы қаласының оқушылары инженерия, дизайн және 3D-баспа салаларында сұранысқа ие 3D-модельдеу дағдыларын тегін меңгере алады. Қатысушылар бұл дағдыны тәжірибе жүзінде игеріп, АҚШ-тың танымал көрікті жерлерінің, сәулет нысандарының және мәдениетке қатысты заттардың цифрлық модельдерін жасайды. Бағдарламаға Қазақстанның 8 қаласынан алдын ала іріктеуден өткен 100-ден астам оқушы қатысады.

«3D Модельдеу және Америка мәдениеті» бағдарламасы АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясы мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Мейкерспейс кеңейеді!» бағдарламасы аясында өткізіледі. Қатысу толығымен тегін, алайда орын саны шектеулі — әр қалада бар болғаны 15 орын қарастырылған. Қатысу үшін өтінім беру қажет.
Бес сабақ барысында 13–17 жас аралығындағы оқушылар Tinkercad бағдарламасында жұмыс істеуді, көлемді модельдер құрастыруды және өз идеяларын дайын жобаға айналдыруды үйренеді. Бұл жай ғана үйірме емес: 3D-модельдеу — өнеркәсіптік дизайннан бастап сәулет пен инженерияға дейінгі болашақ мамандықтардың негізі. Бағдарламаның мәдени бөлімі қатысушыларға әлемдік мәдениет нысандарына дизайнер мен жасаушының көзімен қарауға мүмкіндік береді.

«Біз әрбір қатысушы бағдарламадан жаңа дағдымен ғана емес, өз қолымен идеядан бастап дайын модельге дейін жасап шыққан нақты жобамен кеткенін қалаймыз. Жасөспірім белгілі бір нысанның 3D-моделін құрастыру арқылы инженерлік құралдарды меңгеріп қана қоймай, шығармашылық талғамы мен визуалды ойлау қабілетін де дамытады», — дейді бағдарлама үйлестірушісі Әділет Болатхан.
«3D Модельдеу және Америка мәдениеті» курсы Мейкерспейстер желісінің білім беру бастамаларының бір бөлігі болып табылады. Мейкерспейстер — Қазақстан жастарының инженерлік ойлауын, цифрлық дағдыларын және технологияларға қызығушылығын дамытуға бағытталған шығармашылық зертханалар.
Өтетін мерзімі: 2026 жылғы – 8-12 маусым, 17:00-19:00
Өтетін орны: Назарбаев Даңғылы, 43
Қатысушылардың жасы: 14 жастан бастап
Қатысу: тегін, орын саны шектеулі
Тіркелу: https://forms.gle/fd3mSDK6sNkXNzvR7
Instagram: @americancorner_almaty















