Алматы қаласы әкімшілігі назарына! Тұрғындар зарын кім тыңдайды?

Алматы қаласы әкімшілігі назарына! Тұрғындар зарын кім тыңдайды?

   Алматы қаласы Жетісу ауданынан редакциямызға үндеу хат келіп түсті. Бұл хаттың көшірмесі аудан әкімі Гүлнар Ахметжанқызы Көпебаеваға да жіберілген. Сондай-ақ біздің редакциямызға бұл мәселе жөнінде тұрғындар да қоңырау шалды. Бардық. Бір топ тұрғындар күтіп тұр екен. Бұл Қожамьяров, Никольская, Серпуковская, Беспакова және т ағы да бірнеше көше тұрғындары екен. (барлығы 11 көше) Ең басты мәселе аталған көшелердің ойдым-ойдым болып жатқандығы. Машиналар әрең жүреді. Қарт кісілер, балаларшұңқырлардан талай мәрте сүрініп кетіп құлап, жарақат алған. Су мәселесі де шешілмей жатыр. Жылда көшелерді қопарып, астан-кестен етіп кетеді. Бірақ түзеліп кеткен ештеңе жоқ. «Ең болмаса жаяу жүргіншілер жүретін жолдарды жөндесе» дейді тұрғындар назаланып. Бұл көкейкесті мәселелер қала әкімі Е. Досаевқа айтылған. Әкімшіліктен келіп «бәрін қатырамыз, жөндейміз!» дейді, бірақ нәтиже жоқ. Біз тұрғындардың зарын жеткіздік. Ал қала әкімшілігі бұған не дейді екен?..

 

Шаргүл Қасымханқызы
03.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4981
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5146
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20100
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18746
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22203