2025 жылы 26 желтоқсанда Алматы халықаралық әуежайының демеушілігімен Азаматтық авиация академиясында Түрксіб ауданының мүмкіндігі шектеулі балаларына арналған жаңа жылдық мерекелік іс-шарасы өтті. Мерекелік кешке 200-ге жуық бала мен олардың ата-аналары қатысып, арнайы концерттік бағдарламаны тамашалады.
Іс-шараны Алматы әуежайының аға вице-президенті Онур Шатыр өзінің құттықтау сөзімен ашты. Ол балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтап, осындай игі бастамалар мен қайырымдылық шаралар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетінін атап өтті.

Мерекелік кеш барысында балаларға арналған арнайы жаңа жылдық бағдарлама: көңілді концерт, қызықты қойылымдар мен ойындар ұйымдастырылды. Балалар ертегі әлеміне саяхат жасап, сүйікті кейіпкерлерімен жүздесті. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Алматы халықаралық әуежайы әлеуметтік жауапкершілікті басты құндылықтардың бірі деп санайды. Компания балалар мен мұқтаж жандарды, әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған қайырымдылық жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Әуежай қоғам дамуына үлес қосуды басты миссияларының бірі деп біледі.















