Алматыда алапат зілзала болса ше?..

Алматыда алапат зілзала болса ше?..

    Жаман айтпай, жақсы жоқ. Бұлай деп айтып жатқанымыз сейсенбінің түнінде Алматы қаласы мен оның айналасында зілзаланың болуы. Алдымен 6 балдан жоғары жер сілкінісі болады деген болжам айтылды. 3 миллионнан аса халқы бар мегаполис тұрғындары бұған сенбеді. Бірақ Алматы қаласында зілзала болып өтті. Жер-ана екі мәрте солқ ете қалды. Бүлінген ештеңе жоқ. Қала дін аман. Осының өзі қалалықтарды айтып жеткісіз үрейге бөледі. Қала үй іштерін тастап сыртқа лап берді. Әсіресе биік-биік үйлерден түсу қалың елге оңайға соққан жоқ. Лифтідегі кептеліс, айқай-шу, жылау… жалпы тәртіпсіздік орын алды. Себебі зілзала толқыны қайта соғуы ықтимал. Көше-көшеде, үйлердің алды адамдарға толды. Әрине, қала әкімшілігі де оларға көмектесуге ұмтылды. Адамдар қорқып үйлеріне кірмеді. Аяз күшіне мініп тұрды. Амал жоқ, адамдарды мектептерге кіргізуге тура келді.

    Жер сілкінісінің күші қанша болғандығы жөнінде әрқилы болжам айтылып жатты. 4,5 немесе 6,2 десті. Оның нақты нүктесі Қырғызстанда делінді. Қалай болғанда да биік үйлер теңселіп сыр берді. Егер бұдан да күшті зілзала болса ше? Онда… Әрі қарай айтудың өзі қорқынышты. Ең бастысы мұндайға біздің дайын еместігіміз. Адамдар зілзала болғанда не істеу керек? Халық осы қарапайым нәрсенің өзін білмейді. Тиісті орындар ешқандай жұмыс жүргізбеген. Алматыда осыдан 100 жыл бұрын алапат зілзала болған. Қайталануы мүмкін бе? Әбден мүмкін. Тиісті орындар осындай зілзала болатынын неге ескертпеді? Сыртқа лап берген халық қайда баруы керек? Ол да ұйымдастырылмаған. Салынған үйлердің мықтылығына ел күмәнді. Біз үй салғанда оның қанша балға шыдайтынын неге тексермейміз? Үйлер салынып жатыр. Оған жауапты кім? Міне, бұл зілзала осындай кемшіліктерімізді ашып берді. Ең бастысы адамдарымыздың өмірлерін сақтап қалу үшін зор дайындық керек екендігі мәлім болды. 

Ертай Айғалиұлы
25.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 245
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 241
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 743
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 866
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 779

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8936
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8330
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11558
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9315
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10542