«AMANAT» партиясының мүшелері ел аумағындағы2 мыңға жуық сауда нысандарын тексерді
Кезектен тыс отырыста «AMANAT» партиясыжанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестіңмүшелері азық-түлік бағасының өсімі проблемасынталқылады.
29 шілде мен 5 тамыз аралығында баға өзгерісін бақылап жүрген партияның мониторинг топтары 1747 нысанда 1126 рейд жүргізді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларытізбесі бойынша бағаның ең жоғары өсімі 5 өңірде: Алматы және Нұр-сұлтан қалаларында, Қарағанды, Маңғыстау, БатысҚазақстан облыстарында байқалады. Атап айтқанда, аманаттықтар Маңғыстау облысында Үкімет бекіткен шектібағадан қырыққабат –117%-ға, сәбіз – 60%-ға, пияз – 35%-ға қымбаттағанын анықтады. Қарағанды облысында қант бағасыорта есеппен 30%-ға өсті. Батыс Қазақстан облысында қарақұмық жармасы 38,7%-ға қымбаттады.
Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетітөрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабековтіңайтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларыбағасының өсімін тежеу үшін әкімдіктер сауда нысандарына«айналым схемасы» арқылы жеңілдікпен қарыз беріп жатыр. Несиелеу мақсатында жалпы сомасы 86,4 млрд. теңгебөлінді. Сондай-ақ, әр облыста тұрақтандыру қорлары құрылды.
«Тұрақтандыру қорларына 18 млрд.теңге бөлінді. Өңірлердің жедел ақпараты бойынша, жыл басынан бері тұрақтандыру қорларына 18,3 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, соның ішінде ұн – 10,2 мың тонна, қант – 3,1 мың тонна, күріш – 0,6 мың тонна және т. б. сатып алынды. Бұған қоса, елімізде әр аптаса сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Жыл басынан бері барлық өңірде4133 жәрмеңке ұйымдастырылды. Яғни, әр апта сайынорта есеппен 207 жәрмеңке өтеді. Онда тауарлар нарықтағы бағадан 15-20%-ға төмен бағамен сатылады», – деді ол.
Алайда, партия мүшелері баға өсімімен күресмәселесінде «айналым схемасының» тиімділігі байқалмай отырғанын айтып жатыр. Бұл ретте, Кеңес төрағасы, Мәжілісдепутаты Аманжан Жамалов ел Президентінің таяудағытапсырмасын еске салды.
«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекетбасшысы «айналым схемасының» тиімділігіне күмәнкелтірді. Сондықтан тиімді шешім табуды тапсырды. Соған қарамастан, «айналым схемасы» жұмысынжалғастырып жатыр. Ешқандай жаңа шешім естігенжоқпыз. Президент тапсырмасын естімеген немесетүсінбеген сияқтысыз», – деді кеңес төрағасы.
Айта кету керек, бұған дейінгі кеңес отырыстарында жәнедепутаттық сауалдарда партиялықтар халықты баға өсіміненқорғау үшін «айналым схемасының» орнына тұрғындарды қолдаудың атаулы шараларын пысықтауды ұсынған болатын.
«Жақында елорда әкімдігі әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін азық-түлік карточкаларын енгізетінін мәлімдеді. Бұл шара шамамен 160 мың адамды қамтиды. Карточкалар аз қамтылған азаматтарға азық-түлікті төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бақыланбайтын инфляция жағдайында мұндай шара өтетиімді болуы мүмкін. Себебі, көмек атаулы болған соң, мемлекет қолдау оған аса мұқтаж адамдарға жасалады. Өзге өңірлер де Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесібойынша азық-түлік карточкаларын енгізуді ойластыруытиіс», – деп атап өтті Аманжан Жамалов.
Партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалыныңатқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және сату тізбегіндегіделдалдар санын заң жүзінде екіге дейін шектеуді жәнекөтерме жеткізушілер үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түліктауарларына ең жоғары сауда үстемесін 15% мөлшерінде бекітуді ұсынды. Сонымен қатар, партия тәжірибесі азық-түліккартасын енгізуге көмектесетінін жеткізді.
«Пандемия ушығып тұрған кезеңде партия мұқтажотбасыларға азық-түлік себетін тарату, 50 мың теңгекөлемінде атаулы көмек бөлу сынды игі істерді қамтыған«Biz birgemiz» акциясын өткізді. Сол тұстаосындай отбасылардың тізімін дайындап, оныңанық-қанығын тексердік. Енді осы тізімді жандандыру қажет. Сонда азаматтар арнайы карта бойынша жеңілдікпен азық-түлік сатып ала алады. Өйткені қазіргіуақытта еліміздегі әлеуметтік дүкендерде кез-келген адамтауар сатып ала алады», – деді ол.
Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімовнегізгі азық-түлік өнімдерінің қымбаттауын түсіндіруге тырысты. Оның айтуынша, Қазақстандағы азық-түлік қымбатшылығының бір себебі – жаһандық жеткізу тізбегінің бұзылуымен, әлемдегі баға өсімімен және сыртқы инфляциялық жағдайдың нашарлауымен байланысты.
«Егер әлемдегі баға өсімі туралы айтатын болсаңыз, онда халықтың жалақысы мен табысын да дәл солайарттыруды қамтамасыз етіңіз. Бағаның әлі де көтеріле беретінін, бірақ табыс мөлшері артпайтынын айтқанкезде, алдағы уақытта адамдар тойып тамақ жей алмайдыдеген ойды жеткізесіз. Сіз министрлікте сол үшін отырсызба? Себеп туралы айтатын болсаңыз, онымен күресжүргізетін әдісі туралы да айтуыңыз керек. Орнаған жағдайды қайталап айтып берудің қажет жоқ», – деп атап өтті кеңес төрағасы Аманжан Жамалов.
Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов елімізде азық-түлік тапшылығы жоқ екеніне сендірді. Оның айтуынша, мемлекеттің азық-түлік қоры жеткілікті. Ол сондай-ақ, кеңес мүшелеріне ішкі нарықтың қантқа қажеттілігі толық қамтамасыз етілетінін хабарлады. Тамыз айының басында қор 31,6 мың тоннаны құрады. Зауыттар 40,7 мың тонна қант өндіруді жоспарлап отыр.Импорт 42,2 мың тоннаны құрайды.
«Тек белгілі бір аймақтарда ғана тапшылық бар. Жалпыреспублика бойынша оң теңгерім байқалады. Ақтөбе, Абай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының, Нұр-Сұлтан жәнеШымкент қалаларының әкімдіктері тапшылықтың алдыналу үшін Азық-түлік корпорациясымен қант жеткіз жөнінде келісім-шарт жасасуы тиіс», – деді ол.
Сонымен қатар, отырыс барысында кеңес мүшелері әуежәне теміржол билеттерінің қымбаттауына, сондай-ақ дәрі-дәрмек бағасының өсуіне байланысты пайда болғанмәселелерді талқылады. Партиялықтар мониторинг топтарының дәріханаларға рейд жүргізу тәжірибесінжандандыруды ұсынды.
Отырысты қорытындылай келе, кеңес төрағасымемлекеттік органдардың іс-шараға дайындығын сынға алды.
«Мемлекеттік органдардың баяндамалары алдыңғыотырыстарда айтылған ойды қайталайды. Геосаясижағдайды және тағы басқаны айтып ақталып келеді.Барлық мәселені жаһандық инфляцияға аудара салуды доғару қажет. Қазақстан халқы үшін аса маңызды мәселеге деген осындай көзқарас бізді қатты алаңдатады. Егер жақын арада жұмысқа деген көзқарас өзгермесе, ілгерілеуді байқалмайтын болса, онда «AMANAT» фракциясы тарапынан Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында баға өсімә мәселесін қарауға бастамашылық ететін боламыз», – деп түйіндеді Аманжан Жамалов.