Ана сүті аурудан қорғайды

Ана сүті аурудан қорғайды

1990 жылы 1 тамызда емшек емізуді қорғау, көтермелеу және қолдау туралы Декларация қабылданған. 1-7 тамыз – Дүниежүзілік бала емізу апталығы. Бұл апталық емшек сүті балаларды көптеген аурулардың алдын алатынын түсіндіруге арналған. Жаңа туған нәрестенің емшек сүтін ештеңе алмастырмайды. Табиғи емшек сүтімен емізу – бұл жаңа туған нәрестелер үшін ең жақсы тамақтану ғана емес, сонымен қатар, аурудың алдын алудың күшті құралы. ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, емшек сүтімен емізу – бес жасқа дейінгі 820 мың баланың өмірін сақтап қалуға көмектеседі екен.

Қазақи жөн-жоралғы бойынша да жас ана бала емізу сәтіне ерекше көңіл бөлген. Баланы жамандықтан қорғап, «адал азамат болып өссін» деген ниетпен емізер сәтте басына жаулық тағып, дәрет алады. Оған дәлел – Зере ана Құнанбайды нәресте кезінде бір күн емес, бір сәтке де омырауын жумай, тазалап сүртпей, дәретін алмай емізбегені. Зеренің өзі: «Мен Құнашты бір күн дәретсіз емізіп көргем жоқ және омырауымды тазалап жумай, бісмілла айтпай емізген мезгілім болған жоқ» деп айтыпты. «Олай істемесем, сүтім арам болады, адал ақ сүт емген баламның бойы да, ойы да адал болады» деп зерделі ой түйген. Сол Зере ана айтқан адалдық пен парасаттылықтың айқын белгісіндей Алаштың арда азаматы Құнанбай туса, одан ұлы Абай өмірге келген.

Емшек сүтімен тамақтандыру – баланың дұрыс өсіп-жетілуіне ықпал ететін аса маңызды кезең. Дәрігер кеңесі бойынша сүт бездерін, әсіресе емшек ұшын баланы емізер алдында ұдайы қайнаған сумен сабындап жуу керек. Оны тітіркендірмес үшін балалар сабынын пайдаланған дұрыс. Дизенфекциялайтын өте күшті сұйық затты пайдалануға болмайды, өйткені ол емшек ұшын тітіркендіреді. Ал, жуу үшін бір бөлек мақтаны сулап, омыраудың ұшын және оның айналасын жақсылап сүрту керек. Баланы емізер алдында қолды міндетті түрде жылы сумен сабындап жуу қажет.

Ана мен бала бір-бірінің даусын естімейтін тұста болса да, баласының жылағанын анасының сезіп қоюы жиі кездеседі. Сондай сәтте ана омырауынан өзінен-өзі мөлшерден тыс сүт ағып, иіп кетеді. Ең жақын екі адамның арасында көзге көрінбейтін ерекше ыстық ықылас осылай сезіледі. Сондықтан, бала анасының омырауын аузына салып, бүлкілдете еміп жатқанда ананың тұла бойы шымырлап, еміреніп, елжіреп кетеді.

– Мен 13 баланы дүниеге әкелдім. Әр баламды екі жасқа дейін еміздім. Әр баламды құшақтап, аймалап, еміреніп отырып емізгенде ғана өзімді бақытты сезінемін. Бүгінде қыздарым мен келіндерімнің де өз балаларын тек қана ана сүтімен емізгенін қадағалаймын, – дейді көпбалалы ана Мейіргүл Оспанова.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы баланы алты айға толғанға дейін тек емшек сүтімен тамақтандыруды ұсынады. Емізу процесі ана мен баланы бір-біріне жақындата түсумен қатар, сәби денсаулығына өте пайдалы. Ақуыз, май, көмірсу, дәруменнің бәрі ана сүтінде. Оның үстіне, ана сүті нәрестені инфекциялардан қорғайды. Ал, ең бастысы – жұдырықтай бала жүрегі ана құшағында өзін қауіпсіз сезінеді.

 

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ., Ақ жол
06.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9014
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8410
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11635
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9393
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10620