Анама

Анама

Бір тақырып көп жыл мені мазалап,

Жазылмады, дегеніммен жазам-ақ.

Одан бөлек елестете алмаймын,

Болғанымды бүгінгідей азамат.

 

Бейнелеуге сөз таппадым ылайық,

Бойымда көп мен өткізген күнә-айып.

Қаһарына, назасына ілікпей,

Қорықсақ біз, тек солардан ығайық.

 

Жүрек үнін жеткізуге сөз келмей,

Болдым әлем әдебиетін кезгендей.

Ойға түспей, не болмаса, таса боп,

Айтар сөзді таппадым ба, көз көрмей.

 

Борыштымын, қарыздармын мың 

                                                               түмен,

Тірлікпен де, достастырды күлкімен.

Оның сылап-сипауында сомдалдық,

Ақыл таптық арайланды кір-кір өң.

 

Ұрпақ үшін секілді бір аспан, күн,

Сезінген соң жыр дәптерін жастандым.

Соның бәрі баспалдағы секілді,

Анам жайлы жазылатын дастанның!..

 

Анам жайлы жазамын деп жақсы өлең,

Ойға батып, иіледі бас төмен.

Бір Алладан кейінгі сол анам ғой,

Басқа сөзге сенбес едім әсте мен!

Дәулетбек Байтұрсынұлы, ҚЖО-ның мүшесі
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 851
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6923
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10761
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6993
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7133