Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Білім мекемелерінің 2023 – 2024 жылдардағы жаң оқу жылына дайындығы туралы» мәселе қаралды. Аталған мәселеге байланысты аудандық білім бөлімінің басшысы И. Баймағамбетов баяндама жасады.
Білім бөліміне қарасты 27 мектеп бар. Мектептердің жобалық қуаттылығына сәйкес орын саны 13753. Мектепке орын тапшылығы жоқ. Жаңа 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа келетін болжамды 828 бала, қазіргі таңда 860 өтініш қабылданған. Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы 92,6 пайызға аяқталды. Қазіргі таңда 2 мектепте күрделі жөндеу жүргізілуде. Жалпы білім бөліміне қарасты 46 білім беру ұйымдары бар. Олардың 8 орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, 25-і көмірмен, 5 –уі сұйық отынмен жылытылса, 3 –уі табиғи газ жүйесіне қосылған. Қатты отын 30 тамызға дейін толық тасымалданса, сұйық отын сатып алынған. Табиғи газбен қамтамасыз ету үшін «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен екі жақты келісім шарттар жасалынған.
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы 1 – 30 тамыз аралығында өткізіледі. Жекелеген санаттағы отбасыларға жалпыға бірдей міндетті оқу қор шығындары есебінен (1 балаға 40567 тенге) қаржы аударылатын болады. Аудан бойынша мектеп бітірушілер саны 385. Биыл ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 86 пайызды құрады. Гран иегерлері 183 оқушы.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «2023 жылдың тамыз айындағы мемлекеттік және кәсіби мерекелерді ұйымдастыруға дайындық жұмыстары туралы» аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Г. Алтынбекова айтып өтті.
Тамыз айында өтетін іс-шаралар бойынша «Абай күні», «Халықаралық жастар күні», «Құрылысшылар күні» және «Спорт күні» мерекелік күндерге байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, 25-ке жуық мәдени, спорттық шаралар мен тақырыптық кештер енгізілді және жауапты мекемелер тарапынан орындалуда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді. Бұл мереке қарсаңында ауданда 20-дан аса әлеуметтік, мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.
28 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне орай Жаңатас қаласы «Даңқ» монументінде гүл шоқтарын қою рәсімі мен Семейлік ардагерлерді аудан әкімінің қабылдауын ұйымдастыру жоспарда бар.
Сонымен қатар, Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығы, Сарысу ауданының 95 жылдығы, жазушы Пернебай Дүйсенбиннің 80 жас мерейтойы, жазушы Дулат Шалқарбаевтың 100 жылдығы, журналист-өлкетанушы Төкен Мақашевтың 100 жылдығы, генерал Барымбек Бейсеновтың 100 жылдық мерейтойлары кең көлемде аталып өтілетін болады.
Бұл бойынша тиісті іс-шаралар жоспары бектіліп, жұмыстар басталған.
Осы күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің басшысы С. Жақсыпейілова қосымша баяндады.
Өз сөзінде атқарылған шаралар мен жоспарланған шаралардың өту және жүргізілу тәртібіне, облыс аудандарының мәдениет күндерін ұйымдастыру және өткізудің барысына тоқталды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратының жадынамаға сәйкес зерделеу қорытындысы туралы» Сарысу аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық бөлімшесінің басшысы З. Сейдалиев хабарлама жасады.
Ағымдағы жылдың 9 тамызы күні арнайы жадынамаға сәйкес 15 тармақ бойынша Түркістан ауылдық округіне зерделеу жүргізілген. Хабарламашы атқарылған және атқарылуға тиісті жұмыстармен қатар, анықталған бірқатар кемшіліктерді айтып өтті.
Сондай-ақ, аппараттық жиын барысында күзгі мерзімде әскерге шақыруды ұйымдастыру бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Құдайберген Рысдәулет хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сәкен Үмбетұлы сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдап, атқарылатын жұмыстардың сапалы әрі уақтылы болуын және анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіруді тапсырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, жауапты тұлғалар мен Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.