АҚ ТАРЫНЫҢ АТАСЫ ШЫҒАНАҚ БЕРСИЕВ АУЫЛЫНЫҢ МҰҢ - ЗАРЫ

АҚ  ТАРЫНЫҢ АТАСЫ ШЫҒАНАҚ БЕРСИЕВ АУЫЛЫНЫҢ МҰҢ - ЗАРЫ

Үстіміздегі жылдың 12-тамызында Ақтөбе қаласынан таксилетіп ежелгі көне кенттің бірі - Ойылға бардым.

Аудандық әкімшілікке бас сұғып, бір орынбасары мен аз-кем тілдестім де, соның айтуымен көктемде су тасқынынан зардап шеккендерге арнап салынып жатқан құрылыс алаңына бардым. Құрылыс жасап жатқан "Муканов и К" ЖШС( ТОО) өкілі Бейсенбай Тұяқбаевты сөзге тарттым. Өте сақ жігіт болуы керек. Телефон арқылы басшыларынан ұлықсат сұрап алды да сұрақтарға қысқа жауап берді.

"Ойыл ауылында 4 тұрғын үйлер салып жатырмыз!

 1 қыркүйекте тапсырмақ ойымыз бар. Материалдар жеткілікті, қаржы тапшылығын көрген жоқпыз! "- деп қысқаша қайырды.

 "AIA BUILD " ЖШС-нің өкілі Құлжанов Темірханның да жауаптары қысқа болды.

 " Ойыл да 6 тұрғын үйлер салып жатырмыз! Үйлердің барлығы да 80- шаршы метр. Бір типтік! Қора қопсылары жоқ. Тек қана үйдің өз басы.

Негізгі жұмыстарды аяқтап қалдық! 1- қыркүйек те тапсырамыз деп отырмыз!- деді.

Ойыл кентіндегі салынып жатқан үйлердің сапасын білмесекте, күзге шейін аяқталатынына сеніммен қараған күйі - Берсиев ауылына аттанып кеттік!

 Басты көпір зақымданған соң, баяғы ескі көпірмен жүреді екен.

 Көпір үстінен екі ауыр машина көрінді.

Жұмыстары енді басталған сияқты.

 Ойыл мен Берсиевке дейін 2023 жылы күзде жаңа асфальт төселген екен.

"Ұзындығы 20 шақырым"деді. Таксист жігіт!

"Халықтың айтуынша 4 миллиард теңгеге" салынған дейді.

 Тасқыннан кейінгі көрінісі көңіл көншітпейді.

Асфальттың үстінен су ағып көптеген зардап шеккені байқалып тұр.

 Тасқын салған жаралар әлі жазыла қоймапты.

Әңгімелесіп отырып, Берсиевке де жеттік!

Кіре берісте 4 үй салыныпты.

Адамдары кіріп алған сияқты.

Тұрғындардың айтуларынша, келген басшыларды сол үйден кері қайтарады екен. 

 Бір кездері тептегіс ауыл көшелерімен жүріп келеміз! Тасқыннан соң жыра, сайға айналыпты.

Машина түгілі адам баласының өзіне де жүру ауыр тиеді.

Сай саланы құрылыс қалдықтарымен толтырып жатыр.

Жергілікті тұрғындардың айтуларынша жұмыстары баяу жүріп жатқан сияқты.

 Шатырлары толық жабылмаған үйлерде баршылық екен.

 Қабырғалары енді қаланып жатқандары да бар.

 Қысқасы, биыл қыста,қалай боларын бір Құдай мен халықтың өздері ғана білетін шығар!

 Халық ағаш үйлер мен палаткаларда тұрып жатыр!

Жазда ыссы. Қазір суықтау! Ағаш үйдің ішінде ұйықтап шықтым. Түнде жаңбыр жауып еді.

Бақалар ағаш үйдің ішіне қаптап кетті.

Көрпеміздің ішіне де кіріп алды., Ондайды көрмеген адамға ыңғайсыздау екен.

Ат басын тіреп барған  жергілікті белсенді азамат - Нұрлан Әділов мектепте мұғалім болып істейді екен.

 Көкірегі ояу, сауатты, мәдениетті жігіт.

 Ауыл адамдары "Нұрлан би"деп атайды екен. Телефонына тыным жоқ!

 " Күз келіп қалды. Не істейміз?"- деп ақыл сұрап жатқандарының куәсі болдық.

 Ауылды аралап, тұрғындармен жолығып, сұхбаттар алдық.

 Ауыл тұрғыны зейнеткер Гүлжан Мырзанбекованың жан айқайынан үзінді келтіре кетелік;"  Мамыр айында үйімізді бұздырып тастады. Құрылыс баяу жүріп жатыр.

 Үш күн болды, жұмыстары тоқтап тұр!

 Біздер қалайда осы үйлердің біткенін қалаймыз! Шалым 1- топтағы мүгедек тасқыннан кейін стрес алды. Қазір 10 күн болды. Ауруханада жатыр.

 Қанша миллион теңге бөлінсе де осы үйге келген жұмысшылар қанағаттандырып жұмыс жасап жатқан жоқ! Қашан бітіреді оны айта алмаймыз!"- деп мұңын шақты.

 Берсиев ауылының тұрғыны Оралбаева Гүлзейнептің жан айқайына көңіл бөлелік: " Ауылымыз 100 пайыз суға кетті. Айнала телегей теңіз су болды. Бүкіл халық өте қиыншылық жағдайда қалды.

 Қазір ауылымызда 130 үй салынып жатыр. Менің жобамша,40 пайызы ғана атқарылды.

60 пайызы атқарылған жоқ!

 Жұмыс өте баяу жүріп жатыр.

 Құрылысшылар тұрақсыз. 5 -10 күн жұмыс жасап кетіп қалады.

 Ақшаларын тұрақты бермейді.

 Алдымызда қылышын сүйретіп қыс келе жатыр. Үш айдан асты 35-40 градус ыстықта жатырмыз, отырмыз,ағаш үйлерде. Палатакалардың төбесінен су ақты.

 Оқу мерзімі таяп қалды. Менің 4 немерем оқиды. Ұлым мен келінім бар. 2- топтағы мүгедек қайным бар.

 Мына салынып жатқан 80 шаршы метр үйге біздер қанағаттанбаймыз!

 Солай бола тұра осы үйлерді тезірек пайдалануға берсе екен дейміз!

 Өйткені, мұқтажбыз!

 Бүгін тамыздың 12 - сі. Балалардың мектепке баратын уақыты таяп қалды.

 Шиттей бала шағамен қайда барып тұрамыз?!

 Үйдің іші әлі майланған жоқ! Қыркүйекте салқын түседі. Сонда үйдің іші қалай кебеді.

 Көгістеніп, ылғалданып кетеді.

 Бәрімізде ауруға шалдығуымыз кәдік!

 Аудан басшылары:"  1 тамызда бітіріп,кілт береді" деген... облыс әкіміне де шықтық.

Асхат Шахаров келіп, аралап кетті. 

Бүгін 1- орынбасарымен сөйлестім. Ауылдағы болып жатқан жағдайларды айттым. 15 күн болды. Жұмыс тоқтап тұр. Материалдары жоқ! Ақшалары жоқ! Халықты әбден қан-қақсатып отыр!

 Премьер министр Бектенов келгенде онымен кездесе алмадық!

 " Мектепке барыңыздар. Мектепке барыңыздар."деп . Халықтың бәрін мектепке жинап қойды. Сөйтіп кездесе алмадық.

Бізбен кездеспеді.".

 Нұрғазин Талғат Хасанбайұлының айтқаны:" Ауыл 100 пайыз суға кетті. Мен ешқайда кетпей ауылда қалдым.

 Көршіміздің шөбінің төбесінде жаттым.

 Бес айдан бері ағаш үйде жатырмыз!

 Күйіміз әбден кетті.

 Азып - тоздық.

 Біздің үйді Шымкенттік компания салып жатыр. Жұмыстары тым баяу. Ішкі құрылысы әлі басталған жоқ.

 Әкімдерге айтып жатырмыз. Күз болса келіп қалды.

 Кімге барып шағымданарымызды білмей отырмыз!

 Суға кеткен уақытта халық көп көмектесті.

 Ауылымыздың кәсіпкері аудандық мәслихат депутаты Ещпанова Назгүл көп еңбек сіңірді..."

 Белсенді азамат Нұрлан Әділовтың айтқандарына құлақ түрелік; " Жалпы 29-шы наурызда күндіз келген су,30-шы наурызда қайта бастады.

Сол аралықта халықты алдымен үлкендерді, бала-шаға ларды, мүгедектерді мектепке шоғырландырдық!

 Ойылға мәдениет үйіне, лицейге, спорт мектебіне орналастырды.

 Ауылда елуге жуық азаматтар қалдық!

 Ұлу тастардан салынған үйлер зақымдалған жоқ.

Айбек Ибрашев,Саташов Қайырбай, Әлібек деген жігіт, Сүлейменов Нұрлан деген азаматтардың үйлерінде 50 адам тұрды. Тамақ ішті. Басқа үйлерге кіру мүмкін емес. Көбі қирап қалды. Су етікті киіп алып, қоралардағы өлген малдардың өлекселерін жинап шығарып жүрдік!

 Осындай да қайырымды азаматтарымыз бар.

Алланың рахметі жаусын!

 Ауылымыздағы 215 түтіннен 100- ге жуығы көшіп кетті.

 Жағдайларының болмағандықтарынан кетті.

 Мектебіміз күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бала бақшаның құрылысы әлі басталғанда жоқ!

 Халық санының азаюына байланысты жабылып қалуы да ғажап емес! Осы мәселеге көп көңіл бөлген дұрыс!

 Келесі айтарым: Ойыл мен екі араға салынған жол мәселесі. 20 шақырымдық жолдың сапасы қазір сын көтермейді.

 Былтыр күзде салынған асфальт жолымызды су шайып, біраз жерлерін бүлдіріп кетті. 

Газ мәселесінде тездетіп,күз болғанша іске қосылса екен дейміз!

 Көрші Екпетал ауылы да суға кетті.

 Бұл ауыл сайлы жерде орналасқан еді. Сол себепті,өте көп зардап шеккен болатын!

Малдары да көп қырылды.

 Ауылымызға су тасқыны келгеннен бастап жандарын аямай халыққа қызмет жасаған азаматтардың аттарын атап өтуді өзіме парыз санаймын!

 Ел ішіндегі ерлерді халық білуге тиіс!

 1. Қосан Райымбек 

 2. Берікқали Манарбек 

 3. Қожасайып Жасұлан 

 4. Аронов Айсұлтан 

 5. Құлтеміров Ербол 

 6. Еламанов Марлен 

 т.б.осы сияқты азаматтарымыз ерен еңбектерімен көзге түсіп еді.

Түнімен суық суды белуардан кешіп жүріп қызмет атқарды.

 Жастарға үлгі ретінде мемлекет тарапынан марапатталғанда қатып кетер еді.

Ел шетіне жау келсе, осындай азаматтар - Отанды қорғайды!

Ауылдастарына риясыз еңбек еткен депутатымыз кәсіпкер Ещпанова Назгүлге де ризамыз! 

 Басында барлығы да 100 шаршы метр болады деген. Сарайларында салып береміз деп уәде етіп кетті.

 Кейін 80 шаршы метрге дейін түсірді.

Қоралар салынбайтын болғасын халық өздері салып жатыр. 

Қарызданып...

 Халықтың басы-қасында жүргендектен салынып жатқан үйлерге наразылық білдіру де.

 Обылыс әкіміне наразылық хаттарында табыс етті.

 Бір үйде 11-12 жандары барлар 80 шаршы метр үйге қалай сияды. Оны ойлап жатқан билік жоқ!

 Жұмысқа келіп жатқан өзбек ағайындар жұмысты бастап, кейбірі тастап қайта кетіп жатыр.

 Менің ойымша қаржыларын дұрыс бермей жатқан сияқты. Әйтпесе кетпес еді.

 Мердігерлік компаниялар да тұрақтылық жоқ!

 Осының бәрін тексеретін әділ төрелік ететін құзырлы органдар жұмыс жасаса оң болар еді." 

 Көзбен көргендердің барлығын айтуға уақыт тар болып тұр.

 Бір ауылдың жан айқайы осындай. Басқа өңірлерде не болып жатыр екен.

 Елдері үшін шырылдаған азаматтардың мұң зарларын кімдер тыңдап,көз жастарын сүртер екен.

Аманкелді Жұмашұлы 

Алматы - Ақтөбе - Ойыл - Берсиев ауылы

Ертай Айғалиұлы
14.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 49
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 108
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 22
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 53
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 51
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 108
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 138
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 141
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 131
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 138
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 144
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 138

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11268
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10204
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13451
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12405
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17413