«Ақ жол» партиясының ұраны:

«Ақ жол»  партиясының  ұраны:

Биылғы күз бірден саяси ыстықпен басталды. Президент пен Парламент сайлаулары қашан болады деп елеңдеп жүрген елге нақты жауап берілді. Алаш жолын  ұстанған «Ақ жол» партиясы  ұлттық мүддені қорғау жолында қарқынды қайрат көрсетіп келеді. Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның «Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады» деген сөзі бар. Бүгінгі алмағайып уақытта, біз үшін ең қажеті – бірлік! Арыстарымыз азаттық жолында саналы түрде құрбандыққа барып, сан жылдар бойы қайрат-жігер, ақыл-парасатымен елдік үшін күресті. Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін енді бізге ұлт болып ұйысу – ең маңызды міндет. Ұлттық идеологияны қатаң жолға қойып, Ұлттық мемлекет ретінде дамитын уақыт жетті!

Бүгінде елімізде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен тарихи реформалар қарқын алуда. Ұлыларды ұлықтау, ұлт мұратын орындау аясында игі істер атқарылып, халық қажетіне сай жүйелі жұмыстар қолға алынып жатыр. Әр қиындықтан сабақ алуға тиіспіз. Қасіретті басталған жылды қасиетті істерге, жақсылыққа жалғастырып алып кету елге, сіз бен бізге байланысты.

Бірлігіміздің арқасында тірлігіміз дамып, берекеміз арта бергей!

 

Ардақты ағайын!

 Біз әртүрлі саяси ұйымның өкілі болсақ та, біздің бағытымыз бен арман-мақсаттарымыз, тілектеріміз бір. Өйткені біздің қасиетті қара шаңырағымыз бір. Біз, «Ақ жол» партиясының мүшелері, халық игілігі мен ұлт мүддесіне сай мықты ұстанымы, сенімді стратегиясы бар, Әділетті Қазақстанды құруға батыл  бағыт алған тура жолды таңдаймыз!

 Саяси бағдарламасы «Түбегейлі өзгерістер қажет» деп аталған «Ақ жол» партиясы талай жылдан бері талмай көтеріп келе жатқан көптеген өзекті мәселелер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауларында алғаш рет атап көрсетілді. Яғни, саяси жүйе өзгермей, еліміздің алдында тұрған өткір әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу, нарықтық экономика мен әділетті бәсекелестікті дамыту мүмкін емес екеніне көзіміз жетті. Сол проблемалардың кілті осы саяси реформада жатыр. Сондықтан да біз, «Ақ жол» партиясы бағдарламасының басым бағыттарына Жолдауда өмірге жолдама берген Президентіміздің саяси реформаларды іске асыруын қолдап,  Ақ жол тілейміз. Қадірлі халайық! Қазір жалпы әлемде халықаралық геосаяси жағдай ушығып тұр. Көрші елдеріміз отқа оранып, жалын шарпуы бізге де сезілуде. Шақырған қазақ көшіне шектеулер табылып, шақырмаған жаттың көші ағылып жатқанда, шекарамызды берік қымтап, қорғана білуіміз керек.

 Туында  тұлпар бейнелеген «Ақ жол» партиясында да аламанға түссе, алқынбайтын арғымақтар жетерлік. Бірақ мұндай  тар жол, тайғақ кешкен, елге сын сағаты туған кезеңде ең алдымен жеке бастың есебін немесе бір партияның ұпайын түгендеп отыратын кез емес. Халықаралық жағдай теңіздей толқып тұр қазір. Теңізде дауыл тұрғанда, кемеде капитан ауыстырмайды. Сондықтан біз саяси аламанда қабаттасып шаппай, қанаттасып қолдайық деп шештік.

 Бізге қазір ең алдымен керегі – Елдің амандығы – Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тұтастығын сақтау! Осы мақсатта біз, «ақжолдықтар», Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Президенттігіне лайықты кандидат деп санап,  бірауыздан қолдаймыз! «Ақ жол» партиясы қатарындағы қалың елдің, ұйысқан ұлт зиялылары  мен кәсібін нәсібіне айналдырған кәсіпкерлердің құрылтайдағы демократиялық жолмен шешілген шешімі осы, ағайын!

Ұлтың рухани ұстазы, биыл ЮНЕСКО бойынша 150 жылдығы әлемдік деңгейде  аталып өтіп жатқан Ахмет Байтұрсынұлының осыдан 100 жылдай бұрын айтқан өнегелі өсиеті бар: «Біз басқалардан кем болмау үшін білімді, бай және күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек, бай болу үшін кәсіп  керек, ал күшті болуы үшін бірлік керек» – деген еді. 

Дәл қазір бізге осы бір ғасыр бұрын айтылған елге ең қажетті талаптарға сай болатын заман туып тұр! «Ақ жолдың» ұстанған жолы да осы – білімділеріміз – ұлт зиялылары бастап, бай болу үшін ұлт кәсіпкерлерін қолдап, ел болып бірлікке шақырамыз.

Ел басына күн туғанда, атам қазақ қашаннан бір тудың астынан табылған. Сондықтан, «Ынтымақ – ырысқа бастайды» дегендей, баға жетпес, теңдесі жоқ Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін бәріміз жан-жаққа тартпай, ең басты ұлттық мүддемізді қорғауда Ұлттық бірлесуге қадам жасайық.  Жер тұтастығын сақтау үшін, ең алдымен Ел тұтастығы керек!  Осы мақсатта бүгін Парламенттегі үш партия және көптеген қоғамдық-саяси ұйымдар «Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияға бірікті. «Аманатқа» айналған партия ұлт аманатын орындап, коммунистік атаудан бас тартқан «Халық партиясы» халық сөзін сөйлеп, бәріміз ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолына түсейік! Ел мен жерді сақтау, тілді сақтау бәріміздің ең басты мақсатымыз осы емес пе?!. Ендеше, ең басты күрес – Ел Тәуелсіздігін сақтау жолында бірге болайық. Ел аман, жұрт тыныш болсын!

«Әділетті Қазақстанға» ақ жол тілейміз!

 

Қазыбек ИСА, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары
20.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9014
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8410
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11635
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9393
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10620