Ақтауда жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақтауда жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Елімізде жер қатынастарын реттеу мәселесінде арнайы комиссияның шешімінен бөлек кейде сот төрелігіне жүгінетін жағдайлар да кездесіп жатады. Мұндай мысалдар мемлекетіміздің түкпір-түкпірінде бар десек артық айтқандық болмас. Жақында сондай бір жағдайдың шешімі туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында хабарланды.
Таратылған ақпаратта- «Маңғыстау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті профилактикалық бақылау барысында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып тексеру арқылы Ақтау қаласының әкімдігі кадастрлық құны-646,1 млн теңге болатын 3 жер учаскесін беру кезінде Жер кодексінің 48 – бабының талаптарын сақтамағанын анықтады. Департамент тарапынан сот органдарына жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде қайтару туралы талап-арыз берді. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Департаменттің талаптары толық қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді»,- делінген.

Дайындаған: Ерқазы Сейтқали
25.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 532
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 530

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20849
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20634
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35766
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34285
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38166