🔰«АҚЫН ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕ» АТТЫ ӘДЕБИ КВЕСТ ОЙЫНЫ ӨТТІ.

🔰«АҚЫН ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕ» АТТЫ ӘДЕБИ КВЕСТ ОЙЫНЫ ӨТТІ.

🔷Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Ғафу Қайырбековтың өмірі мен шығармашылығына арнап, ақынның  туғанына  95 жыл толуына орай «Ақын халық жүрегінде»  атты әдеби квест өткізді. Ойынға Тараз қаласы білім бөлімінің «Болашақ» балаларға арналған жазғы сауықтыру орталығының демалушылары қатысты.  

🔷Әдеби квест қатысушылары үш топқа бөлініп, олардың әрқайсысы бірнеше тапсырмаларды орындады: бірінші «Өмірдерек» – деп аталған ақынның өмірінде ерекше орын алған даталар мен саңдарды тауып, сканворд пен ребустарды шешті. Сандарда жасырынған сұрақтарға жауап берді. Екінші тапсырмада ақынның жарық көрген кітаптары бойынша сұрақтар қойылып, контурлық картамен жұмыс кезінде балалар аялдаманың  бағыттарын шешті.  Үшінші аялдамада негізгі тапсырманы іздестіру барысында ойыншылар бірнеше кедергілерден өтіп, ақынның өлеңдерін мәңерлеп оқыды. Сонымен қатар, Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазылған «Ана туралы жыр» әнін орындап, тамаша флешмоб биледі.

🔷Ойын соңында қорытынды шығарылып, ең үздік әдебиет білімпаздарына  кітапхана әкімшілігінен алғыс хаттар табысталды. 

🔷Ал, квест ойынының ұйымдастыруына ықпал жасап, қолдау көрсеткені үшін Жасөркен ауылында орналасқан «Болашақ» балаларға арналған жазғы сауықтыру орталығының әкімшілігіне кітапхана ұжымы алғыс білдіріп, бірнеше кітаптарды тарту етті.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының әдіскері Қырықбаева Гүлзада
09.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 57
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 24
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 14
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ» ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН БІЛІКТІ КАДРЛАР ШАҚЫРЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 19
СОЗАҚТА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 210 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 24

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1520
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7556
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11433
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7595
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7755