Ақыны құрметтелмесе, әдебиеті жетім

Ақыны   құрметтелмесе, әдебиеті жетім

Биыл 115 жасқа толғандығы аталып өтіп жатқан ақын, аудармашы, Жамбыл Жабаевтың хатшысы қызметін атқарған, қазақ әдебиетіне 20-жылдардың соңғы ширегінде келіп, қазақ     поэзиясының қалыптасуына ерекше үлес қосқан қарымды қаламгерлердің бірі – Ғали Ормановтың бюсті орнын таппай тұр.

Мән-жайды анықтау үшін әңгімені әріден бастасақ деп отырмыз. Біздің білуімізше, Астана қаласындағы №7 мектеп-гимназиясына Ғали Ормановтың аты берілген. Содан кейін бұрынғы қала әкімі Бақыт Сұлтанов мектеп алдына бюст орнату туралы мәселені бекітіп, оны қалалық Білім басқармасы да растаған. Ал бұл мәселе кейіннен сиырқұйымшақтанып кеткен. 

Ақынның жиені Айдар Қырықбайұлы:

– Елорда мектептерінің біріне Ғ.Ормановтың есімі берілген. 2007 жылдан бері аталған мектептің алдына бюст орнату мәселесі көтеріліп келеді. Қала әкімі Бақыт Сұлтанов болғанда бюджеттен Ғали Ормановтың бюстін орнату мәселесі бекітілген де болатын. Өкінішке қарай, қаржысы да, бюст те жоқ болып кетті. Осы мәселені қазіргі Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов назарына алса екен, – дейді.

Мектеп алдына ақынның бюстін қою жөнінде 2019 жылы Білім басқармасының экс-басшысы Әнуар Жанғозин Facebook әлеуметтік желісінде мектепке есімі берілген тұлғаға арналған мүсінді орнатуға 2020 жылы қаржы бөлінетіндігін хабарлаған екен. Алайда аттай екі жыл өтсе де Ғали Ормановтың бюстін орнату былай тұрсын, сол туралы ақпарат та жарыққа шықпаған. Бұл да біз үшін түсініксіз жағдай. Астананың төріндегі ақын атындағы мектепке ескерткіш мүсін емес, тіпті бюст қоя алмау, «қоямыз» деп ақпарат берген соң, екі жыл ішінде оны орындай алмау – еліміздің астанасы үшін ұятты шаруа. Әкім Алтай Көлгінов осы мәселеге назар аударып, істі соңына дейін жеткізсе дейміз.  Ертең-ақ қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып кететіндей күй кешеміз. Бірақ бір бұрыштан сығалап, шенеуніктердің орындалмай қалған уәделері қылтияды да тұрады. Сол қылтиғандар қаптаса, Әділетті Қазақстанға кім сенеді? Келмеске кеткендердің алдында уәдесін орындай алмағандар болашақ алдында не істей алады?

 

05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 96
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 30
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 90
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 96
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 291
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 285
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 906

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8377
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586