Жакулин Нұрғалиев көп жылдардан бері жол саласында жұмыс істеді. Ол өз туған жері Ұйғыр ауданында өз еркімен қалып, зейнет демалысына шыққанға дейін жол бөлімшесінде үзбестен еңбек етіп келеді. 2008 жылдан бастап осы күнге дейін бөлім бастығы болды. ҚР «Құрметті жолшы» атағын алған. Жакулин өзінің жұмыс істейтін үлкен ауласына неше түрлі ағаш, гүл егіп шағын бақ жасады. Қазір оның игілігін халық көріп жатыр. Әсем бақ адамдардың жанын жадыратады. Осылай әрбір адам бақ өсіріп, ағаштар ексе бүкіл еліміз жасарып, жасыл алқапқа айналар еді-ау. «Бұл менің «Жасыл Қазақстан» бағдарламасына қосқан үлесім» дейді Жакулин мырза.
Асым СОЛАЙМАНОВ