Алматы қаласының Алатау ауданында Жеңістің 80 жылдығына орай байқау болып өтті. Алматы қалалық ардагерлер арасында өтетін көркемөнерпаздар байқауына дайындық әріден басталды. Жеңістің 80 жылдығына арналған гала концертке сегіз ауданнан екі номерден алып келу тапсырылды.
Алатау ауданы ардагерлері 120 (60 ер, 60 әйел) адамнан тұратын хор дайындауға кірісті. Бастамашы да, ұйымдасырушы да аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағатулла Таубалды болды. Олар хордан бөлек отыз адамнан ұлттық аспаптар оркестрін құрды. «Бір жағадан бас, бір жеңгені қол шығарған» аудан ардагерлерінің ұйымшылдығы арқасында істері сәтті болып, Алматы қалалық ардагерлер арасында өткен гала концертте тамаша өнер көрсетті. Бірінші Алла тағаланың, екінші ұйымдастырушы Сағатулла Таубалдының арқасында Қазақстанның рекордтар кітабының кейіпкері атанды.
Сонымен салтанаты түрде сертификатты тапсыру рәсімі Алатау ауданы Шаңырақ-1 ықшамауданындағы «Ару» мейрамханасында өтті. Жиынға Қазақстан рекордтар кітабының бас редакторының орынбасары Бақытжан Сәбитұлы, Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Шолпанханұлы, қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Нұрқасым Молдасанұлы және Алатау ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағатулла Таубалды қатысты.
Алатау ауданы ардагерлерінің халық ансамблінің 120 мүшесінің алдында салтанаты түрде тапсырылды.
Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары мен жауапты хатшысы соғыс кезінде дүниеге келген, қазіргі жасы 80-нен асып кеткен, аудандық іс-шараларға белсенді араласып жүрген ардагерлерді марапаттаумен жалғасты. Олар: Сағынбек Әшірбеков, Марат Қобыланов және Оразхан Анарбайұлы т.б.
Ал аудан ардагерлері кеңесінің төрағасы Сағатулла Таубалды «Патриот» медалымен марапатталды. «Дети войны» медалі 8 ардагерге берілді.
Жиын соңы тойға ұласты.
АРДАГЕРЛЕР – АСЫЛ ЖАНДАР
Әні: Кентау НАЗАРБЕК
Сөзі: Көпболсын БЕКМАҒАНБЕТ
Ардагерлер – асыл жандар,
Көмбе кеуде, ақылмандар.
Еліміздің тарихында
Есімдері жазылғандар.
Қайырмасы:
Ардагерлер жүз жасағын,
Азаймасын күзде саның.
Жеңістерді, ақ жолыңды,
Жалғастырар ізбасарың.
Адал болып арманына,
Нұрын шашып жан жағына.
Абыройлы істерімен,
Із қалдырған соңдарына.
Қайырмасы:
Ардагерлер жүз жасағын,
Азаймасын күзде саның.
Жеңістерді, ақ жолыңды,
Жалғастырар ізбасарың
Ар-намыстан жаралғандар,
Туған жерден нәр алғандар.
Отан үшін, қиын шақта,
Тәуекелге бара алғандар.
Қанат Ахман