«АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшыларына талап қойды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ   басшыларына талап қойды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті. Ол кәсіпорын басшылығының назарын жұмыскерлердің өлімі мен жарақаттануына әкеп соқтырып жатқан өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы елеулі кемшіліктерге аударды. Сондай-ақ комбинаттың экологияға келтіретін зардабы туралы және өндірісті жаңғыртуға бағытталатын инвестициялар көлемінің жеткіліксіз екенін айтты.   Премьер-Министр жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті. Өз кезегінде Виджай Гоял «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының өліміне әкелген жуырдағы төтенше жағдайға байланысты  өкінішін білдірді. Ол жағдайды жеке өзі қарастырып, түйткілді мәселелерді шешу мақсатында қосымша шаралар пакетін әзірлеу үшін Қазақстанға арнайы келгенін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр компания міндеттемелерінің орындалуы Үкіметтің ерекше бақылауында болатынын атап өтті.

Ермек Сахариев
05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Зерделеу
Мойынқұм Ауданы - 09.12.2023 29
ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Сарысу ауданы әкімдігі - 09.12.2023 31
Арзан жәрмеңкеге асық
Тараз қаласының әкімдігі - 09.12.2023 32
🔰Қалада қар тазалау жұмыстары қарқынды
Тараз қаласының әкімдігі - 09.12.2023 30
ҚАБЫЛДАУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 09.12.2023 32
ОНОМАСТИКА ОТЫРЫСЫ
Жуалы ауданы әкімдігі - 09.12.2023 20
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1815

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4381
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3968
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 4137
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 4059
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 4135