АРЫСТЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫ АЗАМАТТАР 140 ОТБАСЫҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

АРЫСТЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫ АЗАМАТТАР 140 ОТБАСЫҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
Жақсы істердің жаршысына айналған «Қолғабыс» қайырымдылық қоры бір топ кәсіпкермен бірлесіп тағы бір қайырымды шараға себеп болды. Ізгілікке ұмтылған азаматтар күнделікті ішім-жемге қажетті, әлеуметтік маңызы бар өнімдерден құралған азық-түлік қоржынын 140 отбасына үлестірді.
Арыс қаласының бірнеше кәсіпкері ортақ істерге топтасып, мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлауға бастамашыл болды. Олар «Қолғабыс» қайырымдылық қорымен ақылдаса келе, өз қаржыларына 7 тонна жоғары сортты ұн сатып әперген. Өз кезегінде қор тарапынан күріш, қарақұмық (гречка), асбұршақ, маш, май, макарон, ұзақ мерзімге сақтауға жарамды консервіленген өнімдер салынған азық-түлік себеті берілді.
«Қолғабыс» қайырымдылық қорының төрағасы Сырлыбек Мұсабековтің айтуынша, бүгінгі таңда Арыс қаласында демеушілік танытып, түрлі көмектер жасап жүрген қайырымды азаматтар саны артқан. Ол өз сөзінде атымтай жомарт кәсіпкерлердің ұйытқы болуымен қайырымдылық шаралары алда да жалғасын табатынын айтып өтті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
11.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4119
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4298
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19244
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17904
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21351