Асарлатып алтыншы үй берілді

Асарлатып алтыншы үй берілді
Бірлігі бекем елдің тірлігі де кемел болары анық. Соның айғағы бүгін Қаракемер ауылында «Асарлатып үй беру» жобасы аясыда тағы бір отбасы баспаналы болды. Облыс бойынша бірнеше жыл қатарынан жүріп, ондаған отбасын үйлі етуге жәрдемі тиген, бүгінгі таңда ауданымызда сәтті іске асып жатқан жоба жемісіне ауылдастар мен қонақтар куә болды.
Баспана бақытын сезінген Күлсара Райымқұлова апайды құттықтауға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай да арнайы барды. Бүкіл ауыл болып, іргетасын қалаудан бастап әр кірпішін алуға дейін атсалысқан Қаракемер ауылының ауызбіршілігіне бәрекелді айтылды осы күні.
-Асар – ұлттық мәдениетіміздің мәйегі, бірлігіміздің, елдігіміздің бірден-бір көрінісі. Бүгін баспаналы болып отарғын отбасын құттықтаймын. Бұл үйде тек шаттық пен қуаныш болсын. Биыл аудан бойынша 15 үй аталмыш жоба аясында берілуі тиіс. Бұл әзірге алтыншы үй. Бірақ, бір ерекшелігі нағыз «Асар» дәстүрін қолдана отырып, бой көтерген баспана. Қоныстарыңыз құтты болсын, еліміз аман болғай,- деп ізгі тілегін білдірді Дамира Маратқызы.
Сондай-ақ, Нұрмаханбет Жақсыбаев ақсақал бастаған ауыл үлкендері де тілектерін айтып, құтты қоныс болсын, деген ақжарма сөздерін арнап жатты. Ауыл әкімі Рашид Алыбаев болса осы бір игі іске қолдау танытып, қысқа мерзімді үй көтеруге атсалысқан барша жерлестеріне алғысын білдірді.
Ал, үй иесі, мүмкіндігі шектеулі жұбайын бағып отырған Күлсара апай көзіне жас алып тұрып жалпы ауылдастарына, жиналған қауымға аналық батасын берді. Осыдан кейін салтанаты түре үйдің лентасы қиылып, әжелер дәстүрге сай шашу шашты. Жиналған көпшілік жаңа қонысқа кіріп, ақ дастархан басында ауыл имамы Құран оқып, үлкендер батасын берді.
Айта кетер болсақ, жаңадан салынған үш бөлмелі үй газ-суы толық қосылған, жалпы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. Қоныс тоймен құттықтай келген қаракемерліктер сыйлықтарында ала келіп, одан әрі де қолдау көрсететіндіктерін айтып жатты.
Қордай ауданының әкімдігі
06.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 37
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 314
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 938

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9011
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8406
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11632
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9390
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10616