«АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛУ» ЖОБАСЫ КӨКТАЛДЫҚ АНА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

«АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛУ» ЖОБАСЫ  КӨКТАЛДЫҚ АНА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Ежелден елдік мұратты, ұлттық құндылықты ерекше дәріптеген халқымызда ғасырлар бойы кісіліктің көркем үлгілері қалыптасқан. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында. Қазақ топырағында қалыптасқан «Асар» игі дәстүрі соның бір айғағы.

«Асарлатып үй салу» жобасы аясында аудан тұрғындары тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға баспана сыйлауда. Өткен жылы ауылдықтар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, 12 отбасына асарлатып үй салып берді. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тауып, 14 отбасыны баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Игі дәстүр аясында ауылдастарына жанашырлық танытып, бір-біріне көмек қолын созуды азаматтық парызы санаған жаны жомарт жандар араласып, демеушілік жасауда. Осындай азаматтық іс Астананың 25 жылдығында Көктал ауылында көрініс тапты.

Айтулы шарада аудан әкімі Бақыт Қазанбасов жылы лебізін білдіріп, «Асарлатып үй салу» жобасының маңыздылығына тоқталды.

«Үй салудағы мақсат – тек мұқтаж адамды баспанамен қамту ғана емес, оның астарында халықтың ынтымағы мен берекесін арттыру жатыр. Қазір ауданда асарлатып үй салу жалғасуда. Бұл еліміздің бірілігі мен тірлігін, халқымыздың ауызбіршілігін, бір-біріне деген бауырмалдығын білдіреді деп есептеймін. Сондықтан, бүгінгі үлкен игі іске атасалысқан азаматтарға аудан жұртшылығының және өзімнің атымнан алғыс айтамын. Елім, жерім деп, осындай игі істерге үн қосатын азаматтар барда ауданымыздың одан әрі өсіп-өне берері сөзсіз», – деді аудан басшысы.

Шара барысында ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Досмахан Өмірәліұлы жұртшылықты елдің бірлігін сақтап, ынтымағын арттыруға, жас ұрпақты кішіпейілділікке, татулыққа, қамқорлыққа шақыруға ат салысуға үндесе, үйдің иесі Жанар Бектасова шынайы алғасын жеткізді. Сондай-ақ, асарлатып салынған үйдің көтерілуіне сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтар аудан әкімі мен Көктал ауылы әкімінің атынан марапаттарға ие болды.

Жаңа баспананың лентасы қиылып, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрайтын баспана 5 бөлмеден тұрады. Таза ауыз су, көгілдір газ кіргізілген.

«Асарлатып үй салу» жобасы бойынша тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыға жаңа баспананың салынуына "AMANAT" партиясының облыстық және аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы мен мәслихат депутаттарының демеушілігін ұйымдастырған "AMANAT" партиясы Байзақ аудандық филиалының ықпалын айта кеткеніміз жөн.

Байзақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
13.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 330
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 323
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 946

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9020
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8416
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11643
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9399
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10626