Ассамблеяны тарату – қоғамды заңмен жаңартуға жол ашады!

Ассамблеяны тарату –   қоғамды заңмен жаңартуға жол ашады!

Өзбекстанның тұңғыш президенті марқұм Ислам Кәрімов тәуелсіздік алғаннан кейін Ташкенттегі «Халықтар достығы» концерт залын «Тәуелсіз» деп атауға бұйрық беріпті. Оны көпшілік «мынау не істегелі жатыр» деп сынға да алыпты. Кейін Президенттің алысты болжайтын көреген саясатына өзбектер тәнті болыпты. Өйткені «халықтар достығы» деген ұран тәуелсіздікке де кейде қауіп төндіретінін аңғарыпты. Өзгеге жалтақтау, оның қас-қабағына қарау, тыныштық деп тыраштану осыдан барып туындайтын секілді.  Демек ел біртұтас болмай, «халықтар достығы» дегенге малдану, қысыр сиырдан сүт дәметумен бірдей нәрсе.

Ассамблеяны «Үй ішінен үй тігу» деп санайтындар бар. Елде болып жататын ұлтаралық қақтығыстарды шешуге келгенде ассамблеянының  шарасыздығы, мемлекеттік тілдің жандануына қосқан үлесі туралы да көңіл көншімейтін әңгімелер жиі айтылады. Әлі күнге тілге құрмет көрсетіп, жиын-тойларын мемлекеттік тілге бұруға қауқарсыздығы да өздеріне деген халықтың үмітін өшіре бастағандай.

Қарап отырсақ, елдегі толып жатқан қоғамдық ұйымдардың ішінде мәртебесі өскені де, қолдауға ие болғаны да,  Парламентке депутат болуға қол жеткізгені де – Ассамблея ғана.  Бабы мен бағы қатар жанып, әдемі «таң асып»,  арғымағы бәйгеден келіп тұр. Демек оның «жаратушысы», яки «бапкері» мықты болғаны да? 

Ертеректе ғалым Тұрсын Жұртбай: «Ассамблея тарқатылмай, Қазақ елі толық тәуелсіз ел бола алмайды» деген болатын. Бұл әрине жеке адамның көзқарасы. Бәлкім «қауып» айтты, бәлкім тауып айтты. 30 жылға жуық салтанат құрған Ассамблеяның қазақ ұлтымен бірігіп кетуіне, кірігіп кетуіне мүмкіндігі мол еді. Әлеуметтік желіге халықтың ой-пікірін білу үшін сауалнама жүргізгенімізде, бірнеше оқырманнан жауап алдық. Қатира Асыланбекова: «Ассамблея керек емес! Тарату керек! Бюджеттің біраз ақшасы үнемделеді! Олар қазақтың нанын жеп, суын ішіп жүргеніне рақмет айтулары керек! Оларды қазақтандыру процесін тоқтатпағанымыз дұрыс! Ал ассамблея болса олардың қай ұлт екенін қайта-қайта есіне түсіріп, қазақтандыру процесіне тұсау болып отыр!» – деп жазыпты.

Қазақтың тілін өркендетуге Ассамблея тарапынан қаншалықты қолдау көрдік? Тілді қайта-қайта айтып жатқанымыз тіл – қазақтың жанды жері. Ұлт болып ұйысудың алғышарты. Атазаңымыз тұрып, Ассамблея құрып алсақ та, мемлекеттік тілді оқытуға миллиардтарды шаштық. Бұл не деген ессіздік еді? Ассамблея бола тұра, 30 жылда 30 ауыз сөз үйренбеген халық бар деген не сұмдық? Анау Петропавл мен Павлодарда, Қостанай мен Өскеменде әлі күнге тілді менсінбейтін, қазақты көзге ілмейтін адамдар көп. Неге? Кім кінәлі?

 Тағы айтамыз біздің елде тіл туралы заң бар. Керек десеңіз қазақстандық әр азамат мемлекеттік тілді білуге міндетті. Қатырып сөйлеп кетпесе де, жөн сұрасуды үйренуге еш кедергі жоқ.  Ал біз сенім артқан, қаржылай қолдау білдіріп отырған ассамблея өзіне жүктелген міндетті толық атқарып отыр ма?  Татулық пен тұтастыққа «алтын көпір» болады деп сенген ұйым, егер қазақ халқының маңына топтасуды көксесе, елімізде аралас мектептердің саны азайып, бір ғажайып күн туар еді әлдеқашан. Тәуелсіздіке 30 жыл толды, әлі күнге өзге ұлттардың  (80%) асханалары мен мейрамханаларындағы ас мәзірінде қазақ тілі жоқ. Иә, орыстың бодауында кеткен қазақтың шіріген жұмыртқалары да оңып тұрған жоқ. 

Ең өкінішті жері елдегі диаспоралар «Біз қазақпыз. Қазақ мемлекетінде тұрамыз» дейтіндей бір тектілікке келе алмай отыр. Шыны керек, басқа ұлт өкілдерінің арасында пиғылдары жаман, елдігімізге зиян келтіруге дайын азаматтар қарасы көп.

Ойымды қорытындылай келе айтпағым, Ассамблея әлі де өз міндетін дұрыс атқара алмай отыр. Шын мәнінде, ассамблеяның ең басты жұмысы – этностар арасында жиі болып, олардың  қазақ халқына деген пейілі мен ниеттерін түзеу еді…

Ниет пен пейіл демекші, қазақтың тілін ассамблеяның насихатынсыз-ақ үйренген Геннадий Шиповских, Максим Рожин, Мая Бекбаева, Оксана Лоскутова, Игорь Сахар, Майя Веронская, Александр Зайчиков, Марина Волнова, Ислам Байрамуков, Ирина Тен т.б толып жатқан жастарды  білемін. Олар отбасылық тәрбиеден, қазақ  елінің болашағына деген сенімнен, «Туған жерім – Қазақстан» деген махаббаттан кейін, өздерін осы халықпен мәңгі бірге санап, оның тілін меңгеріп алған. Одан олар жаман болды ма? Әрине жоқ. Елдің сүйіспеншілігін арқалады, сеніміне, қолдауына ие болды. Өйткені ұлттың тілі мен ділін насихаттаған адам, ол халыққа сатқындық жасауы мүмкін емес. Марқұм Герольд Бельгер, Надежда Лушникова, Татьяна Палтавская, Асылы Осман... көп қой айта берсек. Бұларды қазақтан кім бөліп ала алады?  Бұлар кешегі ел басына күн туған заманда қазақтан жақсылық көрген, соны кейінгі ұрпаққа майын тамызып жеткізе білген қайраткерлер. Әлі күнге халық бұларды аңсайды. Төбесіне көтереді, құрметтейді. Өзгелерге үлгі етеді. Біз сөз етіп отырған Ассамблея осыларды көзге ілді ме? Санасты ма? Ақыл-кеңестерін тыңдады ма? Егер тыңдаса, санасса,  апыр-ау, Парламентке осылар лайық емес пе еді?  Қазақ Парламентінде өзге ұлт өкілінің қазақша майын тамызып отырғаны да Ассамблея үшін үлкен бедел, абырой еді ғой. Өкінішке қарай, аталған ұйымның жиындары көбінесе «Урадан» әріге аса алмай отыр. Тағы айтамыз 90-жылдары жаңа қоғам орнату үшін мұндай ұйым қажет болған шығар. Бүгінгі таңда саясат өзгерді. Қазақ халқының саны өсті. Онымен қатар қазақ жұртының ой-санасы да биіктеді… Енді елдің тұтастығын ассамблеяның күшімен емес, әр этностың іс-әрекетімен бағалайтын кезең туды.   Қазақпен жаным бірге дегендер саптан орын алсын! Ел болашағына күмәнданғандар қалаған жағына барсын! Егер Ассамблея таратылса, оның орнын ешкім алмастырмайды. Оның функциясы жоқ.  Бізде заң бар, бәрі соның аясында шешілуі керек. Аз ұлттарды қорғайтын министрлік құрылса, оған ешкім қарсы болмасы анық.

Өйткені батыс Еуропада, әсіресе Германия мен Францияда аз ұлттарды қорғайтын министрлік бар.  Олар мемлекеттік деңгейде кірме ұлттарды (бізше этнос) қадағалап отырады. Оларға ең бірінші мемлекеттік тілді меңгеруге, жергілікті халықты құрметтеуге насихат жүргізеді. Арнайы оқытады. Ұлттық мәселені көтерітін парламентке, стратегиялық маңызы бар қызметтерге ең сынақтан өткені болмаса,  кім көрінгенді жібере бермейді. Бұл қалыпты жағдай.  Әркім өз орнын біледі.  Өз кезегінде  билікте аз ұлттарды  қамқорлығына алып,  қорғайды.  Сеніміне, дініне қарамайды. Заң бәріне ортақ.  Нағыз демократия осы!

 

P/S: Билік кезінде бұл мәселеге назар аудармағандықтан және Жаңа  Қазақстан құруда бұл мәселе маңызын жоғалтпағаны үшін мақаланы қайталап беріп отырмыз. 

 

Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ
27.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 212
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 208
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 713
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 836
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 750

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8907
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8301
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11529
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9285
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10513