Астана әуежайын дамытуға 1,1 млрд доллар инвестиция тартылады

Астана әуежайын дамытуға 1,1 млрд доллар инвестиция тартылады
istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/260400-astana-auezaiyn-damytuga-11-mlrd-dollar-investiciia-tartylady

Көлік министрлігі мен Terminals Astana Airport Limited компаниясы (Terminals holding құрамына кіреді, БАӘ) әуежайды және оған іргелес аумақты кешенді дамытуға бағытталған инвестициялық келісім жасасты. Инвестицияның жалпы құны 1,1 млрд долларды құрайды.

Келісім аясында инвестор екінші ұшу-қону жолағын, үшінші жолаушылар терминалын, сондай-ақ жүктерге арналған cargo терминалын салады. Сондай-ақ, инвестор индустриялық — логистикалық аймағы мен қонақ үйлері, сауда алаңдары, логистикалық терминалдары бар бизнес-кластерді қамтитын көпфункционалды аэротрополис кешешін дамытуды жоспарлап отыр.

Бұдан басқа, арнайы техника паркін жаңарту, цифрлық шешімдер мен автоматтандыру жүйелерін енгізу, әуежай қызметкерлерін кезең-кезеңімен оқытып, біліктілікті арттыру жұмыстары жоспарланды. Қызметкерлер халықаралық авиациялық талаптарға сәйкес арнайы тренингтерден өтеді.

Сонымен қатар ҚР Көлік министрлігі мен БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрлігі арасында автомобиль көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар техникалық біліммен, дағдылармен және озық тәжірибе алмасуға ниетті. Жақын арада ҚР мен БАӘ арасындағы автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау мәселелерін регламенттеуге мүмкіндік беретін Үкіметаралық келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық автотасымалдау аясында 42 Үкіметаралық келісім жасасты.

Сарысу ауданы әкімдігі
13.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 199
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 214
ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 202
Бөлінген қаржы қаңғыбас иттен құтқара ма?
Қарлығаш ШАҢҒАРАҚШЫ - 23.05.2025 377

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13273
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13252
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28367
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27052
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30547