Астана «сары» аймаққа ілінді

Астана «сары»   аймаққа ілінді

Алла Тағала сақтансаң ғана сақтайды. Әлемді бір тарының қауызына сыйдырған «тәжтажал» тағы да бой көрсетуде. Бұл жолғы ауа арқылы тарайтын инфекцияға «маймыл шешегі» деген атау берілуде.

Бразилияда маймыл шешегі тарап жатыр. Оның алғашқы құрбаны тіркелді деп хабарлайды BAQ.KZ. 

News CN агенттігінің хабарлауынша, қайғылы жағдай елдің оңтүстік-шығыс штаты – Минас-Жерайстағы Белу-Оризонтида тіркелген. 41 жастағы ер адам қатерлі ісіктен емделіп жүрген. Қауіпті вирусты жұқтырған соң, оның денсаулығы күрт нашарлаған.  Науқас бірден мемлекеттік ауруханаға жатқызылады. Алайда дер кезінде көрсетілген көмекке қарамастан, маймыл шешегінің салдарынан сепсистік шок алады.   27 шілдедегі жағдай бойынша, Бразилияда маймыл шешегін жұқтырған 978 дерек расталған. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің таралуын халықаралық мәнге ие төтенше жағдайға балап отыр. Еуропа мен Үндістанда да індеттен адам өлімі тіркелген болатын. Сондықтан қазақ жұрты жаңа вирустың таралып жатқанынан хабардар болғаны абзал.

«Соңғы екі аптада елімізде коронавирус жұқтыру 3,2 есеге өсті», –  деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 2 тамыз күнгі өткен Үкімет отырысында. 

Айтуынша, бүкіл әлемде коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуі жалғасуда. «Елімізде пандемия басталғаннан бері ресми статистикаға сәйкес коронавирустық инфекциямен 1 млн 400 мыңнан астам адам ауырып, аурудың 5 толқыны болды. Маусымның 20-нан бастап республика бойынша КВИ-нің келесі көтерілуі басталды. Соңғы екі аптада ауырған адамдардың саны 10 714 жағдайдан 34 550 жағдайға дейін 3,2 есеге өсті», – деп атап өтті ведомство басшысы.  Сонымен қатар ол елдегі кешегі ахуалға тоқталды. 

«Өткен тәулікте КВИ-дің оң нәтижесімен 2021 жағдай, КВИ-дің теріс нәтижесімен 1 жағдайы тіркелді, өлім-жітім болған жоқ. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау үшін Омикрон нұсқасының сипаттарын, денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені және саланың дайындығын ескере отырып, министрлік 15 шілдеден бастап сырқаттанушылық көрсеткішін 100 мың тұрғынға шаққандағы ауруханаға жатқызу көрсеткішіне ауыстыра отырып, ағымдағы матрицаны өзектендірді. Бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта, еліміз және қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр», – деді Ажар Ғиният. 

Нұр-Сұлтан коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл» аймаққа жақындады. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы «қызыл», «сары» және «жасыл» аймақтарға қатысты жаңа мәліметтер берді.

Соңғы деректерге қарағанда, Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта тұр.

«Жасыл» аймақта: Алматы облысы, Шымкент, Алматы қаласы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Әлі де болса «әлемді кезген ауруға» сенбей жүргендер үшін айта кетейік, бұл ауру ойыншық емес. Астана қаласында коронавирусқа шалдыққан 8 адамның жағдайы өте ауыр халде. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты хабарлады. «2 тамыздағы мәлімет бойынша, 27 351 адам коронавирус инфекциясынан (–27 129+ және 222 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 539 пациент стационарда, 25 812 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», – делінген ведомство мәліметінде. КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында: – 37 адамның жағдайы ауыр; – 8 пациенттің жағдайы өте ауыр; – 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 555 548 адам, 2-компонентін 9 335 596 адам салдырды деп хабарлайды ҚазАқпарат. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сүйенсек, елімізде сондай-ақ жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатыр. 1 тамызға дейін препараттың I дозасын 1 234 606 адам, ІІ дозасын 1 187 119 адам салдырды. Оның ішінде: І компонентімен егілді: жасөспірімдер – 871 867, жүкті әйелдер – 41 435, бала емізетін әйелдер – 145 182. ІІ компонентімен вакциналанды: жасөспірімдер – 854 052, жүкті әйелдер – 39 185, бала емізетін әйелдер – 141 187.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 28
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 20
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 158
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 162
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 373
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 346
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 961

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9039
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8436
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11663
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9423
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10643