АСТАНАДА 55 ИНВЕСТЖОБА АШЫЛМАҚ

АСТАНАДА 55 ИНВЕСТЖОБА АШЫЛМАҚ

Астанада 2025 жылы 55 инвестжоба ашу жоспарланып отыр. Осыдан-ақ Елордада қызу жұмыстардың көрігі қызғанын білуге болады. Соның бірі 2022-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша 69 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді. Және 55 ғимараттың лифтілері жөнделді, ауыстырылды.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, лифтілерді мемлекеттік бюджеттік кредит есебінен жөндеуге (ауыстыруға) қатысу туралы шешімді көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жалпы жиналыста қабылдауға тиіс. Онда бағдарламаға қатысу фактісі ғана емес, сонымен қатар әр пәтерге, тұрғын емес үй-жайға жүктелген шығындар сомасы бекітілуі керек. Ол барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың алаңдарының мөлшеріне байланысты айқындалады. Сонымен қатар, жалпы жиналыста пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың иелері бюджет қаражатын қайтару мерзімін анықтауы тиіс. Ережеге сәйкес, ол 7 жылдан 15 жылға дейін болуы мүмкін. Сондай-ақ, жасырын жұмыс түрлерін қоса алғанда, жұмыстарды қабылдау кезінде шығындардың, қызмет көрсетушілер мен жауапты тұлғалардың сметасы да бар.

«Астанада күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Тұрғындар аталмыш бағдарламаның операторы болып саналатын «Өркен қала» ЖШС-ге хабарласып, өтінім бере алады», – деп атап өтті Гульвира Абетова.

Айта кетейік, Астанада 2011 жылдан бері жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді. Жөндеуді қажет ететін кез келген көпқабатты үй осы мақсатта бюджеттік несие алуға өтініш бере алады.

Осы орайда Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мырзаның Instagram парақшасында азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты қандай іс-шаралар жүзеге асып жатқаны туралы жазғанына көз жүгіртсек. «Қаламызда азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізетін кәсіпорындар ашуды ары қарай жалғастырамыз. Бүгін тамақ өнеркәсібін, логистиканы, сауданы және т.б. дамытатын жаңа әрі салынып жатқан кәсіпорындарды аралап шықтым.

«RnR Group» ЖШС (Сарайшық ауданы) кәсіпорындар кешенінің жұмысымен таныстым. Ол – тәулігіне 25 тонна өнім шығаратын нан зауыты және көкөніс қоймасы (6 мың тонна). 2026 жылы тәулігіне 100 тонна сүт өңдейтін зауыт ашу жоспарланып отыр. Бұл жобаға тартылған жеке инвестициялар сомасы 8,1 млрд теңгені құрады. Қазірдің өзінде 250-ге жуық жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, «SAIANUR VIP-SERVIS» ЖШС (Байқоңыр ауданы) заманауи көкөніс қоймасына бардым. Инвестиция сомасы – 1,8 млрд теңге, мұнда 200 жұмыс орны ашылды. 8 мың тонна көкөніс қоймасы жеміс пен көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Биыл жеке инвестициялар есебінен Сарайшық ауданында «Технодом» («ОРПТ» АҚ) дүкендер желісінің орталық қоймасын ашу жоспарланып отыр. Жобаға тартылған инвестиция 11,1 млрд теңгені құрайды, сол сияқты 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Мәселен, былтыр қалада 49 инвестициялық жоба қолданысқа берілді. Бұл 301 млрд теңге көлемінде жеке қаржы тартуға және 4 мың 100 жұмыс орнын ашуға септігін тигізді. Биыл тағы 55 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Инвестициялық штабтарда қаламыз бен тұрғындарымыз үшін маңызды жобаларға қолдау білдіреміз. Біз әр жобаны жеке-жеке қарастырып, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеміз», – деп жазды елорда әкімі.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
27.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 1098
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 1348
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 16232
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 14971
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 18306