АСТАНАДА АӨСШК САММИТІ ӨТУДЕ

АСТАНАДА АӨСШК САММИТІ ӨТУДЕ

12-13 қазанда Астанада өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне 11 мемлекет басшылары қатысуда. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. 

«Осы аптада Қазақстан астанасында жоғары және аса жоғары деңгейдегі бірқатар халықаралық іс-шара өтеді. 12-13 қазанда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне 11 мемлекет басшысы (Әзербайжан, Ирак, Иран, Қатар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан), бір вице-президент (Вьетнам), бір төрағаның орынбасары (Қытай) және 5 министр қатысады», – дейді Айбек Смадияров. Оның сөзінше, АӨСШК VI саммитіне бақылаушы мемлекет ретінде Беларусь президенті де қатысады. «Жоғары деңгейдегі кездесу Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылады және Қазақстанның төрағалығымен өтеді. Іс-шараға мүше мемлекеттердің, байқаушы мемлекеттердің, байқаушы ұйымдардың, серіктес ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ Қазақстан тарапының қонақтары шақырылды. Барлығы 50-ге жуық делегация келеді деп күтілуде. Азия кеңесінің саммиті пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанда ғана емес, жалпы континентте де аса ауқымды сыртқы саяси оқиғалардың біріне айналады деп айтуға болады», – дейді СІМ өкілі. Айбек Смадияров алдағы саммитте Қазақстанның төраға ретіндегі екі жылдық жұмысы қорытындыланатынын, сонымен қатар саммит барысында бірқатар құжат пен шешім қабылдау жоспарланып отырғанын атап өтті.

Осыған орай елордада шет мемлекеттер мен үкімет басшыларының қатысуымен ірі халықаралық іс-шаралардың өтуіне байланысты Астана полицейлері 10 қазаннан бастап күшейтілген жұмыс режиміне көшті. «10 қазан сағат 21.00-ден бастап стационарлық бақылау бекеттерінің базасында елорда аумағына кіруді бақылау күшейтіледі. Бекеттерде қызмет атқаруды тәулік бойы құрамында полиция қызметкерлері мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері бар мобильді топтар жүзеге асырады», – деп жазады медиа портал. Сондай-ақ ақпараттық порталдың жазуынша, көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 1 қазаннан бастап «Учаске» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Бұл ретте елордада жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға ерекше назар аударылатын болады. Одан бөлек өткізілетін іс-шараларға байланысты қаланың жаңа әкімшілік орталығында жолдардың кейбір учаскелерінде қозғалыс уақытша ішінара шектеледі. Осы орайда Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырды және ыңғайлы болу үшін қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынып отыр. «Қауіпсіздік және көлік кідірістерін болдырмау үшін жол жүру маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз», – дейді полиция өкілдері. 

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 136
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 328
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 321
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 944

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9017
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8413
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11640
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9396
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10623