Астанада Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Астанада Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Биылғы шілде айынан бастап Астанада Министрліктер үйінде (16-шы кіреберіс) орталық мемлекеттік органдардың халықпен жұмыс жүргізу жөніндегі бірыңғай фронт-желісі болып табылатын Азаматтарды қабылдау орталығы өз жұмысын бастады. 

Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының жаңа ортасын құру. Ал оның жұмысының негізгі қағидаттары – клиентке бағдарлану, өтініш берушілерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және жалпы осы салаға жаңа стандарттарды енгізу.  

Орталық базасында келушілер өздеріне ыңғайлы жағдайда кез келген мемлекеттік органға өтінішін бере алады, сондай-ақ ХҚКО-ға ұқсас түрлі ведомстволар өкілдерінен, медиаторлар және заң мамандарынан кеңес ала алады. Сонымен қатар мұнда азаматтар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жеке қабылдауына жазылу мүмкіндігіне ие болады. 

Орталық алаңында апта сайын 18 министрліктің өкілдері азаматтарды жеке қабылдайды, кесте Үкімет сайтында алдын ала жарияланатын болады. Бұл ретте өңірлердің тұрғындарына елордаға арнайы келудің қажеті жоқ, өйткені оларды онлайн-форматта да қабылдау жүргізіледі. 

Орталықтың құрылуы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі ауқымды жұмыстың жалғасы екенін айта кеткен жөн. Бұған дейін бұл үдеріс шеңберінде өтініш берушілер құқықтарының басымдығын қамтамасыз ететін және өтініштерді қарау кезінде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтуді көздейтін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілген болатын. Одан кейін өңірлерде өтініштердің қаралуын бақылау бойынша бөлімдер жұмыс істей бастады, әкімшілік соттар жүйесі құрылып, eOtinish бірыңғай ақпараттық жүйесі және т. б. іске қосылды. 

Жаңа Орталықтың базасында цифрлық ХҚКО іске қосылды, ол арқылы онлайн режимінде 1220 мемлекеттік қызмет түрін алуға болады. 

Орталықта ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, қылмыстық іс жүргізу немесе азаматтық іс жүргізу заңнамасында қарау тәртібі белгіленген өтініштер қабылданбайтынын атап өткен жөн. Бұл мәселелер бойынша азаматтар тиісті құқық қорғау немесе сот органдарының фронт-офистеріне жүгінуі тиіс. 

Тұтастай алғанда, кешенді тәсіл жаңа Орталықты мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың және жұртшылықтың ең өзекті мәселелер төңірегіндегі өзара іс-қимылы жолға қойылған әрі сұранысқа ие диалог алаңына айналдырады деп күтілуде.

21.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 41
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 51
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 57
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 34
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 23

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1284
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7329
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11197
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7386
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7536