Астанада Euronews Орталық Азия хабы ашылады

Астанада Euronews Орталық Азия хабы ашылады

Бүгін Брюссельдегі жұмыс сапары барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Euronews Директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Дэвидпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Астанада Euronews Орталық Азия хабының өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойды.

🇰🇿Қазақстан Орталық Азия өңірінде шешуші рөл атқара отырып, мемлекет өмірінің барлық салаларында ауқымды өзгерістер жүргізуде. Сондықтан Астанада Euronews өкілдігінің ашылуының тарихи маңызы зор.

«Біз үшін бұл Қазақстанды әлемге қайта таныстыруға керемет мүмкіндіктер ашатын маңызды оқиға. Қазақстан – ұлы көшпенділер өркениетінің тікелей мұрагері ғана емес ең бай мәдени және тарихи мұрасы, тамаша табиғаты, танымал адамдары бар мемлекет . Қазақстан - бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың озық идеялары негізінде бұрын-соңды болмаған өзгерістерімен қалыптасқан заманауи әлемнің бір бөлігі. Қазақстан – өркениетті әлеммен өзінің қайталанбас рухани-мәдени мұрасы және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бөлісуге ғана емес, бейбітшілік үшін жан жүрегін беруге дайын мемлекет. Сондықтан мен Euronews командасының Қазақстан туралы бүкіл әлемге еліміздің жүрегі - әсем Астанадан хабар тарататынына өте қуаныштымын!» - деді Аида Балаева кездесуде.

Euronews командасы жақын арада қазақтың өнері, мәдениеті мен өмір салты туралы modern nomads телешоуын, елдегі іскерлік және экономикалық оқиғаларды, «Орталық Азиядан шыққан дауыстарды» - өңірдің белгілі қайраткерлерімен сұхбаттарды, ірі өңірлік іс-шараларды және оқыту тренингтерін өткізуді қамтитын «Шығыс пен Батыстың байланысы» бағдарламасын, бірқатар репортаждарын көрсетуді жоспарлап отыр және отандық БАҚ және баспасөз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін шеберлік сабақтарын өткізбек.

«Бұл Қазақстан үшін де, Euronews үшін де өте маңызды қадам. Мен қазақстандық тараптан бұл Астанада хаб құратын алғашқы ірі халықаралық жаңалықтар ойыншысы екенін түсінемін. Бұл елдің әлемге қаншалықты ашық екенін көрсетеді. Euronews тұрғысынан біздің шығысқа қарай қанат жайуымыз . Қазақстан Еуразия құрлығының орталығы және біздің Еуропа елдерінде ғана емес, континенттен тыс жерлерде бар екенімізді көрсетеді. Біз бүкіл әлем бойынша 1,2 миллиард көрермендері бар арнамыз , сондай-ақ Орталық Азияда шығуымыз көптен бері жоспарланған болатын», - деп атап өтті Euronews Директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Дэвид.

Euronews ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін, ауқымды халықаралық оқиға болатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарыының ақпараттық серіктесі болу туралы бастама көтерді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

15.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Тараздың төл мерекесі тұңғыш рет қалай тойланды?
Москау НОҚРАБЕКОВ, қоғам қайраткері, z-taraz.kz - 11.10.2024 108
ЖЕДЕЛ КЕРІ БАЙЛАНЫС ТЕТІГІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті - 11.10.2024 105
АҚТӨБЕДЕ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ТАҒЫ БІР МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі - 11.10.2024 98
СӘБИДІҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 11.10.2024 87
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 984
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1023
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 5988
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5431
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8615
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6422
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7630