Асыл азаматтар ел жауапкершілігін арқалады

Асыл азаматтар ел жауапкершілігін арқалады

Айтыстың қазанынан шыққасын, айтыскер бауырлардың әр қадамын бақылап, әр ісіне тақым қысып отырамыз.

Аманжол ағам айтыста жүргенде де өзіндік саясаты бар, әр сөзін өлшеп айтатын, кісінің көңілін жараламай, түпкі нәтижеге жұмыс жасайтын талант болды. Әсіресе, біз үшін нақты мақсатынан айнымайтын тұрақтылығымен, қашан көрсең жылы жүзімен баурап тұратын бекзат тұлғасымен белгілі болған жан еді. Алла қаласа Парламент төрінде де бұқара мен биліктің арасын өткір сөзімен де, табанды мінезімен де шебер жымдастырып, көптеген игілікті істің басында жүреді деп сенеміз.

Ринат бауырым өткір қанжар секілді жарқылдаған жігіт қой. Сабынан ұстасаң пайдаңа жарайды, жүзіне жақындасаң өзіңді жаралайды. Жұрт не десе де өз пікіріне тұрақтап, алған бетінен қайтпай, "Аманатқа" барғанына шын қуандым. Қазір қырсығып, қыңырайып бұрышта жататын емес, ел болашағы үшін жан беріп,жан алысып майданда жүретін уақыт. Саясат туралы сөйледің бе, онда сырттан күңкілдемей қақпасынан кір. Ауласында атой сал. Ринат сол ерлікке барды. Көптің сөзінен қорыққан жоқ, ел мүддесі үшін бір қадым артқа шегінсе де, екі қадам алға жылжудың қамында болды. 

Дарынды, айтары бар, айбары бар жігіттердің аяғынан тартпай атының тізгінін алға сүйреуіміз керек.

Қос ақынымызды Құдай қолдап, халық түсініп, билік кішіріп, берекелі шаруа бітірулеріне куә бола берейік.

 

Ауыл партиясынан түскен Дәулеткерей ақынымызға да тілектес болған едік. Сайлау өткенше алдыға ұстап, сайлау біткесін елеусіз тастап, ақ жүрек ақынның аяғын тұсағаны біраз жұрттың көңіліне қаяу түсірді. Алла ақырын хайырлы қылсын!

Мінберден сөйлесе қуанар едік, мінбер бұйырмаса да, Алла берген абырой мен ақындық қуаттың елге қылар қызметі ересен ғой. Құдай мұңайтпасын, қадірлі бауырымызды!

Аяулы айтыскер бауырларыма сахналас серіктерім болғасын, әңгімесі мазмұндас әріптестерім болғасын ерекше тоқталып жатырмын. Әйтпесе, көңілге қуаныш ұялататын көптеген асыл азаматтар ел жауапкершілігін арқалады. 

 

Бәріне абырой, күш-қуат, амандық тілеймін!

Мұхамеджан Тазабектің ФБ парақшасынан
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 56
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 582
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 696
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 611
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 620

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8756
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8156
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11385
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9139
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10370