Ат бәйгесінің жүлде қоры 120 млн теңге

Ат бәйгесінің жүлде қоры   120 млн теңге

 

 

Астана іргесіндегі «Қазанат» атшабарында жүлде қоры 120 млн теңгені құрайтын Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Astana Cup»  республикалық ат бәйгесі ресми түрде ашылды.

Айтулы жарысқа еліміздің 20 өңірінен 100-ге жуық  жүйрік ат қатыспақ. Жарысты тамашалауға ҚР туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов арнайы келді.

 

«Санаулы күннен кейін әлемдік деңгейдегі «Ұлы Дала жорығы» бәсекесі өткелі жатыр. Біз де айтулы шарадан тыс қалмай, Астана төрінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Astana Cup бәйгесін ұйымдастырғалы отырмыз. Бүгінгі шарамен ат маусымын басталғалы жатырмыз. Ат жарысына еліміздің барлық өңірінен жиналды. Баршаңызға сәттілік», - деп ҚР туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев өз тілегін арнады.

Осылайша Астана төңірегінде ұшқырлар бәйгесінен 1200, 1600, 1800, 2000 метр және топ бәйге, аламан бәйге  де жеңімпаздары анықталды.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 120 000 000 теңгені құрайтынын еске саламыз. 

Елорда іргесіндегі «Қазанат» атшабарында бәйге жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

100-ге жуық жүйрік сынға түскен ат жарысында 6 қашықтық бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Ұшқыр бәйге. 1 200 метр. 9 қатысушы.

1-орын. «Скайлер Блэйк». Шабандоз - Расул Алпысбай. Бапкері - Магомет Каппушев, ат иесі - Марат Кушеров - 5 млн теңге

2-орын. «Икарус». Шабандоз - Мырзабек Каппушев. Бапкері - Нұржігіт Табылдиев, ат иесі - Нұржігіт Табылдиев - 3 млн теңге

3-орын. «Амайя» Шабандоз - Жеңіс Диас. Бапкері - Аида Ташмуратова, ат иесі - Жомарт Капанов - 2 млн теңге

Ұшқыр бәйге. 1 600 метр. 5 қатысушы.

1-орын. «Мэрайя». Шабандоз - Күрімбек Дидарбек. Бапкері - Күрімбек Дидарбек, ат иесі - Владимир Старых - 5 млн теңге

2-орын. «Хакан. Шабандоз - Болат Абдыхамит. Бапкері - Керімбек Өмірәлиев, ат иесі - Болат Қожамсейітов - 3 млн теңге

3-орын. «Шардара» Шабандоз - Нұртөре Нәсіпбек. Бапкері - Геннадий Исанов, ат иесі - Мақсат Ақаев - 2 млн теңге

Ұшқыр бәйге. 1 800 метр. 14 қатысушы.

1-орын. «Нур Шатоя». Шабандоз - Күрімбек Дидарбек. Бапкері - Дәурен Жүсіпов, ат иесі - Қайрат Жұмағалиев - 5 млн теңге

2-орын. «Пионер Пак». Шабандоз - Қайрат Доқтырбаев. Бапкері - Евгений Караваев, ат иесі - Бейбарыс КХ- 3 млн теңге

3-орын. «Фат Ир» Шабандоз - Дәурен Жүсіпов. Бапкері - Эдуард Ах, ат иесі - Бақтияр Байзақов - 2 млн теңге

Ұшқыр бәйге. 2 000 метр. 14 қатысушы.

1-орын. «Флэтчер». Шабандоз - Расул Алпысбай. Бапкері - Магомет Каппушев, ат иесі - Марат Кушеров - 15 млн теңге

2-орын. «Кип Голд. Шабандоз - Дәурен Жүсіпов. Бапкері - Эдуард Ахмолдин, ат иесі - Махамбет Пайдин мен Алмас Сапаев - 10 млн теңге

3-орын. «Ел Орда» Шабандоз - Жеңіс Диас. Бапкері - Аида Ташмуратова, ат иесі - Ұлан Умаров - 5 млн теңге

Топ бәйге. 12 шақырым. 24 қатысушы.

1-орын. «Байдик». Шабандоз - Диас Жартыбай. Бапкері - Әділет Ноқатай, ат иесі - Ардақ Сарсекеев - 15 млн теңге

2-орын. «Бәйтерек». Шабандоз - Аңсар Арыстанбек. Бапкері - Жамбыл Бөбекбай, ат иесі - Қасым Алтынбай - 10 млн теңге

3-орын. «Найза» Шабандоз - Дамир Ілесбек. Бапкері - Нұржігіт Табылдиев, ат иесі - Нұржігіт Табылдиев - 5 млн теңге

Аламан бәйге. 18 шақырым. 32 қатысушы.

1-орын. «Қарлығаш». Шабандоз - Амир Сералы. Бапкері - Азамат Мирсалимов, ат иесі - Мейрамхат Искаков - 15 млн теңге

2-орын. «Көкдауыл». Шабандоз - Аңсар Арыстанбек. Бапкері - Жамбыл Бөбекбай, ат иесі - Қасым Алтынбай - 10 млн теңге

3-орын. «Тасқын» Шабандоз - Юбыр Ерқанат. Бапкері - Мұрат Досбергенов, ат иесі - Мұрат Өсербаев - 5 млн теңге

Айта кетейік, жалпы турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау қаржылай сыйақы шығындары демеушілер есебінен жүргізілді.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
08.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6909
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 7040
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 22031
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20640
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 24133