Атқарылған жұмыстар ауқымды, алда тұрған міндеттер де аз емес.

Атқарылған жұмыстар ауқымды, алда тұрған міндеттер де аз емес.

Аграрлы аймақ саналатын Жамбыл облысында жыл санап егістік көлемі ұлғайып келеді. Мәселен облыста ағымдағы жылы арнайы әзірленген картаның нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 41,1 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал қайтарылған жердің 2,1 мың гектары егістік жер болса, 38,9 мың гектары жайылым жерлер. Сондай-ақ ағымдағы жылы өңірде егістік алқабы 47 мың гектарға дейін ұлғайып, 768,5 мың гектарға жеткен. Тиісінше егістік көлемі ұлғайған сайын суға қажеттілік те арта түсуде. 

Негізі Жамбыл облысына вегетация кезінде жерүсті су ресурстарының 80 пайызы көршілес Қырғыз Республикасынан Шу және Талас трансшекаралық өзендері арқылы келеді. 1983 жылғы келісім бойынша вегетациялық кезеңде Шу өзені бойынша 370 миллион текше метр, Талас өзені бойынша 590 миллион текше метр су жіберілуі керек. 2021 жылдың суару маусымына Шу мен Талас өзенінің мемлекетаралық су алу кестелері екі тараппен келісіліп, Қазақстанға Шу өзенінен 318,0 миллион текше метр, Талас өзені бойынша 500 миллион текше метр су алуымыз керек болған. Алайда Шу өзені арқылы 151,8 миллион текше метр (жетіспеген су көлемі – 166,2 миллион текше метр) су берілген. Жоспарланған көлемнің 48 пайызын ала алмадық. Талас өзені арқылы 377,4 миллион текше метр су (жетіспегені – 122,6 миллион текше метр) берілген. Жоспарланған көлемнің 75 пайызы алынған. Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасы тарапынан су бөлу ережелері мен су бөлу кестелеріндегі шарттарды толық қамтамасыз ету бойынша тұрақты комиссияға ұсыныс берілді.

Ал екі ел арасындағы келісімнің өз деңгейінде орындалмауының себебі – бүгінгі таңда ағын су Қырғыз Республикасында да өткір мәселеге айналып тұр. Қыста тауға қардың аз түсуінен және көктем-жаз мезгілдерінде жауын-шашынның аз түсінен айыр қалпақты ағайындар да құрғақшылықтың зардабын тартты. Соған қарамастан қырғыз тарапы мүмкіндіктерінше трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бөлу жөніндегі екі ел арасындағы мемлекетаралық келісімді сақтап тұра алды. Нәтижесінде табиғат құбылыстарының әсерінен біршама қиындықтар туындағанымен, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының, Жамбыл облысы әкімдігінің жыл бойы атқарған жүйелі жұмысының арқасында вегетация кезеңін ойдағыдай аяқтай алдық. Мәселен ағымдағы жылдың тамыз айында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Молдияров, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының басшылығы Қырғыз Республикасына арнайы барып, бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Кездесуде Қырғыз Республикасының су шаруашылығы саласының мамандары өздерінде де судың тапшы екенін айтып, Жамбыл облысына секундына 10 текше метр су тастайтындарын жеткізген болатын. Егер 10 текше метр су тасталатын болса, облысқа бар болғаны 6 текше метр су жетеді. Өйткені 4 текше метр су техникалық кедергіге ұшырап, жерге сіңіп кетеді. Ал 6 текше метр сумен алқаптарды толық суарып алу мүмкін емес. Сондықтан да Серік Салауатұлы секундына 18 текше метр су беруін талап етті. Кейін келісім бойынша Талас су торабына секундына 17-18 текше метр су тасталды.

Сонымен қатар Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы да Қырғыз Республикасының өкілдерімен бірнеше мәрте арнайы кездесіп, «Киров» су қоймасына барып, суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесін талқылады. Сондай-ақ Бердібек Машбекұлы аудан әкімдеріне, тиісті мекеме басшыларына ең бастысы суды ысырап етпей, үнемдеп әрі кезекпен пайдалануды тапсырып, диқандардың еңбегін еш кетпеуін бақылауында ұстады. Аймақ басшысының тапсырмасына сай су аудандарға кезекпен беріліп, көп қиындықтарды еңсере білдік.

Осылайша «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» көп болып жұдырықтай жұмылып әрекет еткеннің нәтижесінде сынаққа толы болған биылғы жылдың вегетация кезеңін үлкен шығынсыз аяқтай білдік. Атқарылған жұмыстар ауқымды. Алда тұрған міндеттер де аз емес.

Қазыбек БЕДЕБАЕВ, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалының директоры
13.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 225
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 592
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 535

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9239
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8635
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11862
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9633
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10844