АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН, АСТАНА

АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН, АСТАНА

Кезінде тұңғыш Президент ұсынған атауды қайтаруға байланысты заңды шешім қабылданды. Елімізге қайырлы болған әсем де асқақ бас қаламыздың маңызы одан кеміп қалмас. Ұлтымызды дүние жүзіне мәшһүр еткен жердің киесі бар, құты бар. Соны аялап, ардақтаған халқымыз тек елордасының ғана емес, әрбір сүйем жерінің қадірін біледі.

Кеше ғана осында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII сьезіне қатысушылардың да осындай тұжырымға келуі - еліміз үшін үлкен абырой, баға жетпес бедел болса керек.

Сондай-ақ, жыр алыбы Жамбыл бабамыздан қалған қасиетті сөздер мен өнегелі істер де халқымыздың жадында деп ойлаймыз. Ел аузында жүрген сондай естеліктің бірі - атын Мирзоян (бүгінгі Тараз) қаласына бергенде, оның айтқанын көрген, естіген куәгерлер кейінгі ұрпаққа жазып жеткізгені. Есімі шартарапқа, дүние жүзіне танылып, тараған тұста да ақын өз есімін қалаға беруді қаламаған. Мұның үлкен тағылымы бар. Елінің түп-төркінін, тарихын жақсы білген абыз ақсақал, жыр жампозы: 

«Атыңнан айналайын, Әулиеата, Атыңды мен алды деп болма қапа» деп тәу етіп, кешірім сұрапты деседі... Міне - көрегендік, міне - әулиелік.

Кейіннен бұл жөнінде ақын Асқар Тоқмағамбетов бір есте­лігінде: «Пойыз Жамбыл станциясына тоқтағанда, одеялын жамылып жатып алды. «Жарықтық Әулие ата, атыңды мен тартып алғаным жоқ, халық солай атады», деп Әулие атаның алдында айыпты адамдай жатып қалды. Тек Алматыға жақындағанда барып орнынан көтерілді», - дейді. 

Ал тарихқа бойласақ, ХVІІІ және ХХ ғасырлар аралығында шаһар Әулиеата деп аталып, тек 1997 жылы ежелгі Тараз атауы қайтарылды. Бабамыздың “Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым" деген өсиеті де халықтың қалауына табан тіреуді меңзесе керек. Сондықтан мұндай шешімнің халықтық мәні, адами сипаты бізге елдік мәселелерге тереңінен саралап қарауды аманаттайды.
#amanat

Дархан МЫҢБАЙ
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 16
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 10
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 153
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 156
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 333
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 957

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9033
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8429
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11657
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9412
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10638