АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ЕҢСЕЛІ ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ЕҢСЕЛІ ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ
Бүгін аудан орталығындағы Даңқ аллеясында Түркия мемлекетінің негізін қалаушы, сол елдің тұңғыш президенті, саяси қайраткер және әскери қолбасшы, әлемдегі адамзаттың өзара түсінісуі мен ұлттардың баянды ынтымағын насихаттаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.
Шара барысында көпшілікті тарихи тұлғаның ескерткішінің ашылуымен құттықтап, мұның бір ғасыр бұрын құрылған Түркия республикасының 100 жылдығына тамаша сый болып отырғандығын жеткіздік. Әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға өзге елдерде ескерткіш орнату үрдісі қолға алынған. Мәселен, қазақтың бас ақыны - А.Құнанбаевтың ескерткіші Анадолы елінде орнатылған болатын. Сол секілді Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішінің ауданымызда ашылуы да халықаралық достықтың нығаюына зор үлес қосады деген сенімдеміз.
Біз түбі бір түркі жұртымыз. Тарихта болған қилы кезеңдерде қазақ халқы түрік ағайынды бауырына басса, олар да сындарлы сәтте жаттық жасамай, еліміздің егемендігін алғашқылардың бірі болып мойындады. Бұл бауырлас ұлттардың нағыз жанашырлықтың үлгісі екені сөзсіз.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі
07.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4978
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5143
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20098
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18744
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22199