Ауған қолөнершілерінің көрмесі өтті

Ауған қолөнершілерінің көрмесі өтті

«Дәстүрлі кілемшелер елорда тұрғындарының қызығушылығын тудырды.  Қазақстан – Ауғанстан бизнес-форумы аясында елордада Ауғанстаннан тауарлар көрмесі өз жұмысын бастады», – деп жазды Elorda.info.

Ауған тауарларының көрмесі елорданың Конгресс орталығында 3-5 тамыз аралығында өтті. Мұнда кептірілген жемістер, шай, кілемдер, зергерлік бұйымдар, мыс ыдыстар мен дәмдеуіштер сатып алуға болады.  Дәстүрлі кілемшелер елорда тұрғындарының қызығушылығын тудырды. «Ауған кілемдері экспортқа шығарылады және бүкіл әлемде сапалы тауар ретінде бағаланады. Кілемдер табиғи бояуларды пайдаланып жүннен қолмен тоқылған. Мұндай дүние барлық сатып алушыларды таң қалдырады», – дейді көрмеге келуші Алина Жаханова. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ауғанстан қазақстандық ұнды, тамақ өнімдерін, металл прокатын импорттайды. Екі ел арасындағы өзара тауар айналымы шамамен 1 млрд долларды құрады.

«Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға мүдделі. Ауған тарапы аталмыш көрме сауда серіктестігінің жаңа деңгейіне шығу үшін бастапқы алаңға айналады деген үлкен үміт білдіреді. Бүгінгі іс-шара ауқымы мен қатысушылар саны бойынша бұрын-соңды болмаған. Менің ойымша, проблемалық аспектілер талқыланды», – дейді Ауғанстандағы «Қазақстан» сауда үйінің басшысы Арман Есентаев.

Көрмеге 200-ден астам кәсіпкер, Ауғанстанның түрлі өндіруші компанияларының өкілдері қатысып жатыр. «Елдер арасындағы өзара тауар айналымы 1 млрд долларға жетті, жақын арада оның көлемін 3 млрд долларға дейін ұлғайту жоспарлануда. Ауған тарапы Қазақстанмен белсенді сауда жасауға, экспортты ұлғайтуға, біздің транзиттік әлеуетімізді пайдалануға және өз кезегінде Ауғанстан арқылы қазақстандық өнімнің транзитіне жәрдемдесуге дайын», – деп атап өтті Арман Есентаев.

Ауғанстанның Герат провинциясында «Қазақстан» сауда үйі кездейсоқ ашылған жоқ.  Себебі бұл аймақ шекаралас, жақын жерде Иран мен Түрікменстан орналасқан. Бұл елдер арасындағы экспорттық-импорттық жеткізілімдерді әртараптандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Герат қаласында қазақстандық өнімдердің көрме залы ашылады. Арман Есентаевтың айтуынша, сауда үйінде ынтымақтастыққа мүдделі кәсіпкерлер үшін тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңы құрылады.

 

15.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 41
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 46
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 23
ЖЕТІСАЙДА ШЕКАРАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 05.05.2024 30
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 22

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1275
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7322
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11189
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7380
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7529