Аула клубтары – алаңсыз балалық шақ кепілі

Аула клубтары – алаңсыз балалық шақ кепілі

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні және «Балалар жылы» аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Астана жастары» КММ-нің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жұмыс істейтін 26 аула клубы тәрбиеленушілерінің қатысуымен спорттық және шығармашылық бағыттар бойынша турнир өтті. 

Турнирге қатысушылар тоғызқұмалақ, арқан тарту, футбол және басқа да спорт түрлерінен сайысқа түсті. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ волонтерлары мен қызметкерлерінің қолдауымен концерт ұйымдастырылып, балалар арасында өлең тақпақ айтудан жарыс болды. 

– «Аққайың» тұрғын үй кешені ауласында ұйымдастырылған турнирге қаланың әр түрлі аула клубтарынан келген жас жеткіншектер қатысты. Мұндай іс-шаралар ауламызда үнемі өтіп тұрады. Ата-аналар мен балалардың қолдауы өте маңызды. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар, дипломдар беріледі, ал жеңімпаздарға арнайы марапатымыз бар. Балалар аман болсын. Жүздерінен күлкі кетпесін, – дейді «Ақжол» аула клубының басшысы Бақыт Елеубаева.

Астанада балалардың бос уақытын тиімді өткізуді және олардың қаблетін танып,  шығармашылық талантын шыңдауды, спортқа деген сүйіспеншілігін оятуды мақсат еткен аула клубтар жұмысы биыл ерекше мәнге ие болып отыр. Қаладағы әрбір тұрғын үйлердің жанынан аула клубтарын ашқанның нәтижесінде тігін тігуге, ән айтып өнерін шыңдауға, спортпен айналысуға балалардың құштарлығы ерекше. Қала әкімдігі аула клубтарының жұмысын заманауи үлгіде жетілдіруге үнемі назар аударып отырады. Соңғы жылдары ұлттық ойынға, әсіресе тоғызқұмалаққа құмар балалар легі қалыптасқан.

Тоғызқұмалақтан бас төреші Гүлнар Базаралиева: 

– Бүгінгі қалалық турнирге тоғызқұмалақтан 45 бала қатысып жатыр. Оларды жас айырмашылығына қарай 12 жасқа дейінгі қыздар және ұлдар, 12 жастан жоғары қыздар және ұлдар деген төрт санатқа бөлдік. Жарыс олимпиадалық жүйе негізінде өтіп жатыр. Яғни ұтылған адам шығады, соңында үш адам қалып финалдық ойында бақ сынайды. Балалардың тоғызқұмалаққа деген ынтасы өте жоғары. Олар бүгін «Темірлан» аула клубының жарысына қатысты. Шаршағандарына қарамай осы турнирде де жарысқа түсіп жатыр, – дейді. Сонымен қатар, қала әкімдігінің «Астана жастары» КММ волонтерлары мен қызметкерлері жалпыұлттық республикалық референдумды қолдау мақсатында тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық буклеттер таратты.

 

Тілекгүл ЕCДӘУЛЕТ
02.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 26
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Мақсат Қазанғапов Талас аудандық білім бөлімінің басшысы - 23.04.2024 13
ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 22

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 969
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7021
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10865
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7087
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7228