«Ауыл – ел бесігі»: Жамбыл облысының 95 елді мекенінде биыл 280 жоба жүзеге асады

«Ауыл – ел бесігі»: Жамбыл облысының 95 елді мекенінде биыл 280 жоба жүзеге асады

Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатындағы «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында 2019-2022 жылдары 137 ауылда жалпы 32,8 млрд.теңгеге 442 жоба іске асырылды.

Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, аталған жоба аясында есепті кезеңде 49 білім нысаны, 28 денсаулық сақтау нысаны, 29 мәдениет нысаны, 22 спорт нысаны бойынша күрделі және құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 37 тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандары жөнделіп, құрылысы жүргізілсе, 443 шақырымды құрайтын 277 ауылішілік көшелері жөнделіп, 3,5 мыңға жуық жұмыс орындары құрылды.

Ал, ағымдағы жылы жоба шеңберінде 95 елді мекенде 280 жобаны іске асыруға 15,8 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде 280 жобаның 27-сі өткен жылдан өтпелі болса, 253 жоба жаңадан қолға алынуда. Бүгінде 253 жаңа жобаның 218-інің конкурстық рәсімдері аяқталып, 149-да жұмыстар басталуда.

Облыс әкімі алты айдың аяқталып қалғанын ескере отырып, жоспарланған қаржыны сапалы игеру үшін бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен аудан әкімдеріне тиісті жұмыстар атқару бойынша хаттамалық тапсырма жүктеді. Барлық құрылыс жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

- Құрылыстарды сапасыз орындап әрі мерзімін кешіктірген мердігерлерге қатаң шаралар қолдануға тиіспіз. Сонда ғана басқа мердігерлер сабақ алып, ондай кемшіліктер қайталанбайтын болады,-деді Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, Гүлдана Жауынбекова «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалу барысына да тоқталды.

- Бағдарлама аясында 2009-2022 жылдары аясында ауылды елді мекендерге маман тапшылығын шешу және қала мен ауыл арасындағы көрсетілетін қызмет сапасы алшақтығын қысқарту мақсатында 5903 маман тартылып, аудандық бюджеттерден 1,1 млрд. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленген. Бұдан бөлек, 2010-2022 жылдары 2 669 маманды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 8,9 млрд. теңге жеңілдетілген несие берілген,-дей келе басқарма басшысы аудандық бюджеттерден ағымдағы жылы 525 маманды тартуға 188,0 млн.теңге біржолғы көтерме жәрдемақы қарастырылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, биыл 204 маманға 1,1 милиард теңге бюджеттік несие қарастырылған.

Облыс әкімі аудандарда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қаржыландыруды шілде айынан бастап жүргізу қажеттігін баса айтып, бағдарламаның маңыздылығын атап өтті.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
27.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 16
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 28
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 10
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 153
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 156
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 333
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 957

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9033
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8429
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11657
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9412
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10638