АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН БІРДЕЙЛЕНДІРУ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН БІРДЕЙЛЕНДІРУ
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ветеринария саласындағы атқарылатын міндетті іс-шаралардың бір бөлігі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру яғни сырғалау ветеринария саласындағы атқарылатын міндетті іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады.
Бүгінгі таңда облысымызда 5 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары есепке қойылған. Оның ішінде: 570 мың бас мүйізді ірі қара, 4 млн 230 мың бас уақ мал, 196 мың бас жылқы, 8 600 бас түйе және 8 100 бас шошқа малдары «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерек қорына тіркелген.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін, профилактикалық іс-шараларды, жануарлардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерге бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті бірдейлендіруге жатады. Бірдейлендіруді жүргізу тәртібі мен мерзімдері «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығымен реттеледі.
Жануарларды есепке алу рәсіміжануарларға жеке нөмір беруді қамтиды, ол жануар иесі өтініші негізінде жүзеге асырылады. Бірдейлендіру нөмірін бергеннен кейін компьютерлік деректер базасына (АШЖБ- ауыл шаруалығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасы) ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді енгізеді және ветеринариялық паспорт бере отырып, жануарға сырға салынады немесе таңба басылады. Бірдейлендіру қорытындылары бойынша деректер бүкіл Қазақстан аумағындағы бірыңғай мемлекеттік компьютерлік дерекқорға (АШЖБ) енгізіледі. Ол мал басының есебін жүргізуді ұсынып қана қоймай, сонымен қатар әр жануар бойынша ветеринариялық манипуляциялардың тарихын сақтауға мүмкіндік береді. Деректер базасында ветеринариялық- профилактикалық іс шаралардың мәліметтері көрсетіледі, олардың негізінде ветеринариялық ілеспе құжаттар рәсімделеді.
Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіруге жатады. Егер иелігіңізде бірдейлендірілмеген жануарларлар болса мынадай ветеринариялық қызметтер көрсетілмейді:
- Ұрланған (табылған) жануардың кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін емес (бірдейлендірілген жануарды табу және оны иесіне қайтару оңайырақ);
- Бірдейлендіру нөмірінсіз мал дәрігері тарапынан ветеринарлық анықтама рәсімделмейді.
Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдері келесі жасқа жеткен күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіру қажет:
- Бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар- туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
- Құлындар- төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
- Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарында күтіп- бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар- туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
- Тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп- бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар- тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
Әрбір ауыл шаруашылығы жануарларын ұстап отырған мал иелеріне ветеринар мамандар тарапынан ұсыныстар:
- Дер кезінде, ең бастысы өз жануарларыңызды бірдейлендіру керек.
- Сатып алу, сату, сою, төлдеу, жануарлардың сырғаларын жоғалту кезінде үш күн ішінде ветеринар маманға хабарласуыңыз керек. Бұл компьютерлік деректер базасында (АШЖБ) толық және сенімді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.
Иелігіңіздегі жануарларды бірдейлендіру және есепке алу мәселелері бойынша жергілікті ветеринариялық станциясы мамандарына міндетті түрде жүгіну қажет.
Жамбыл облысы Ветеринария Басқармасы
14.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 319
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 312
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 935

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9008
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8403
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11629
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9386
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10613