Ауылдың 9 %-ы ғана су құбырын пайдаланады

Ауылдың 9 %-ы ғана су құбырын пайдаланады

Жақында 22 наурыз – Дүниежүзілік су ресурстары күніне орай (28.03.2023ж) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «География және табиғатты пайдалану» факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының магистранттары мен оқытушылары Дүниежүзілік су ресурстары күніне арналған «Сумен жабдықтау және санитария саласындағы экологиялық реттеу және бақылау» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

Халықаралық дөңгелек үстеліміздің қадірлі қонақтарының қатарында ЮНЕСКО  кафедрасының оқытушылары: Т.А.Базарбаева, Д.А.Байсейтов, О.А.Зубова, Т.Л.Тажибаева, А.М.Мухитдинов, сонымен қатар,  Гази университетінің Инженерлік факультетінің профессоры, Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы мен Балқаш Алакөл бассейндік инспекциясының өкілдері болды. Әр маман осындай мемлекеттік мекемелердің негізгі қызмет аясы мен міндеттері жайында өз тәжірибесімен, атқарылатын іс-шаралармен бөлісті.

Дөңгелек үстелімізде ең алғашқы қозғалған тақырып – республикамыздың су ресурстарының қазіргі жағдайы және туындап жатқан маңызды мәселелері. Қазақстанның су ресурстары – Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа көлемі 100,5 км3; соның ішінде небары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Негізгі трансшекаралық өзендер қатарына Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Орал, Тобыл және Шу жатады. Көбіне еліміздің шығыс жағында су ресурстары кең таралған. Қазіргі уақытта ауылдық жерлерде халықтың тек 9%-ы су құбырын пайдаланады, 91%-ы басқа су көздерін пайдаланады. Мұндай сумен жабдықтаудың техникалық және санитарлық сенімділігі өте төмен. Бірқатар су құбырларының және жекелеген құбырлардың қызмет ету мерзімінің аяқталуына байланысты су беруде ұзақ үзілістерге әкелетін апаттар саны көбейді. Жоғары апат судың өнімсіз жоғалуына әкеледі, бұл электр энергиясының артық шығынына және сайып келгенде, 1 м текше метр судың өзіндік құнының артуына әкеледі. Сумен жабдықтау 1 текше метр үшін Қосымша құн салығынсыз 86 теңге 14 тиын, ҚҚС-мен 96 теңге 48 тиынды құрайды.

Келесі тақырып осы су ресурстары күні жөнінде болды. 1993 жылдан бастап жыл сайын Дүниежүзілік су күні атап өтіледі және су және санитария дағдарысын еңсеруге шақырады. Бұл 2,2 млрд адам қауіпсіз суға қол жеткізе алмай өмір сүретін жаһандық дағдарысты еңсеру бойынша шаралар қабылдау туралы. Күн БҰҰ қамқорлығымен өткізіледі және оны «БҰҰ – су ресурстары» ұйымы үйлестіреді. Тақырыбы БҰҰ-ның әлемдегі су ресурстарының жай-күйі туралы баяндамасының жыл сайынғы жариялануына сәйкес келеді. Дүниежүзілік су күні жыл сайын 22 наурызда Тұщы су ресурстарының маңыздылығына назар аудару және оларды тұрақты басқаруды насихаттау үшін атап өтіледі. 

Бұл күн тұрақты даму (ТДМ) саласындағы 6-мақсатқа қолдау көрсету үшін жаһандық су дағдарысын еңсеру бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді: 2030 жылға қарай су ресурстары мен санитарияның бар болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету.

2023 жылы Дүниежүзілік су ресурстары күні сумен жабдықтау және санитария саласындағы дағдарысты реттеу мақсатында қайта құруларды жеделдетуге арналады, ал ЮНЕСКО БҰҰ-ның осы саладағы жетекші мекемесі болып табылады.

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының өкілі Марат мырза Алматы қаласының су объектілері бойынша жалпы деректерді атап көрсеткен болатын. Қалада барлығы 109 су ағыны, 49 өзен бар және олардың жалпы ұзындығы 586,2 км созылады. Гидротехникалық құрылыстар – 48 (оның ішінде: 9 қалалық әкімдік, 11 Қазселденқорғау, 12 иесіз және 16 жекеменшік), арналар – 30 (магистральдық, суару, тарату), коллекторлар – 16 (12 иесіз). Оның айтуынша, жекелеген учаскелерді жағалауды нығайту орындалды. Орындалған жағалауды нығайту жұмыстарының ұзақтығы – 206 км. 2022 жылы жағалауды нығайту және абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді – 14 км (6 өзен). 62 учаскедегі жұмыстар аяқталды: 18,7 км су бұру коллекторлары қалпына келтіріліп, 4 канал салынды, 19,2 км арық желілері қайта жаңартылды және салынды, 9,7 км су бұру каналдары салынды, 1,4 км өзендерді жағалауды нығайту жүргізілді. Жұмыс 89 % аяқталды.

Дөңгелек үстелдің соңғы минуттарында студенттер мен оқытушыларға тақырыпқа сәйкес сұрақтар қойылып, логикалық тапсырмалар берілді, соған сәйкес барлығы белсенді жауап беріп, жақсы көңіл күймен қайтты.

Іс-шара мақсаты су ресурстарын санитария саласындағы экологиялық реттеу, бақылау, бағалау және туындап отырған мәселелерге көңіл аудару болды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Экология», «Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» мамандықтарының 1  курс магистранттары, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары:  Л.С.Құрбанова,  Б.Х.Түсүпова,  К.К.Хамитова, Е.О.Досжанов.

Аяулым Маратқызы, Мадина Өмірбайқызы, 1-курс магистранттары
28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 81
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 75
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 81
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 275
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 271
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 892

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8969
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8363
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11589
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9347
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10573