Бала құқығын бұзатындарға қатал жаза керек

Бала құқығын бұзатындарға қатал жаза керек

Астанада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Медиа этика мен балалардың құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ақпарат таратуда абай болудың маңыздылығы, этика және мораль туралы мәселе талқыланды.

Соңғы жылдары елімізде кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, әлімжеттік, өлім-жітім өршіп тұр. 21 сәуірде Мәжілісте өткен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің тақырыптық отырысында да әлеуметтік-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері талқыланған болатын. Жиын барысында Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев соңғы төрт жылда отбасында таяқ жеп, құқық қорғау орындарына хабарласатындар санының 3 есеге  өскенін айтты. Комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов: 

– Бүгінгі таңда қаржылық, әдістемелік мәселелер және орталық пен психологтардың жұмысына қатысты түрлі түйткілдер бар екенін көріп отырмыз. Бұл жұмыспен жүйелі түрде айналысу қажет. Кешенді қорғау, қолдау, профилактикалық шараларын да осы заңмен қамтамасыз ету керек деп ойлаймын. Сондықтан осы бағытта бәріміз бірге жұмыс істейміз деп сенемін, – деген еді. Яғни әйелдер мен балалардың құқығын қорғауды заң тұрғысынан күшейту бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі: 

– Таяуда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңейтілген кеңесте әйелдер мен балалардың құқығын қорғау шараларын заңнамалық тұрғыдан күшейтуді, отбасы құндылықтарын насихаттауға баса назар аударуды тапсырғаны белгілі. Бүгінде бала құқығын қорғау – мәселесі өте өзекті. Әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарында бала құқығының сақталуына ерекше мән беруге тиіспіз, – деді.

Министр Дархан Қыдырәлі зорлық-зомбылыққа қатысты ақпаратты таратуда ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы конвенциясын үнемі назарда ұстау керектігіне тоқталды. Әлемнің көптеген елінде кәмелетке толмаған зорлық-зомбылық құрбандары туралы ақпарат таратуға заңмен тыйым салынғандығын ескертті. 

– Өкінішке қарай, ақпарат құралдарында кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және суицид тақырыбына арналған материалдардың таралуына жиі жол беріледі. Бұл – этикалық қағидаларды ғана емес, заң талаптарын да бұзу. Осылайша, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңға сәйкес, адамның жеке және биометриялық деректерін, оның ішінде оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы мәліметтерді, жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтерді, зардап шеккен бала туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға тыйым салынады. Біз мұны ұдайы естен шығармауымыз керек», – деді министр. 

Д. Қыдырәлінің айтуынша, қазір қалам ұстаған қауымның арасында БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының бар екенінен де бейхабар әріптестер аз емес. Медиа салада балалардың құқығын қорғау тақырыбын зерттеу кемшін. Мәселен, олардың психологиясы, психикасы, есірткіге құмарлық, рухани дамуы туралы зерттеулер аз. Тіпті, бала құқықтарын сақтаудың арнайы нұсқаулықтары жоқ. Сондықтан алдағы уақытта бұл мәселені де жеке қарастырып, осы бағыттағы зерттеулерді де қолға алу маңызды. 

Ал Қазақстандағы ЮНИСЕФ басшысының орынбасары Летисия Баззия-Вэйл: 

– Әлеуметтік-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жариялаған кезде ең алдымен ұлттық, мемлекеттік стратегиялық құжаттарға, статистикалық деректерге сүйену керек. Ақпаратты жариялау барысында қандай жағдай болмасын жәбірленушіге кінә тағуға, суретін, жеке деректерін, жариялауға болмайды, – деді. 

Өз кезегінде Қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай: 

– Баланың ар-намысы мен қадір-қасиеті деген біздің дәстүрімізде бар ұғым. Біз кез келген халықаралық стандартты назарға алғанда, өзіміздің түп негізімізге, қазақ халқының сан ғасырлық тарихына көз жүгіртуіміз керек. Сондағы мәселелерді бүгінгі күнге сәйкестендіре алсақ, бала тәрбиесі мен бала құқығын қорғау ісіндегі халықаралық стандартты қолданудың өзінде өз дәстүрімізді қолданған болып  шығамыз. Жәбірлеу, біреудің құқығын таптау, қоғамдағы жағымсыз мәселелердің таралуына бірінші кезекте үгіт-насихат жұмысын жүргізіп отырған ақпарат құралдары жауапты. Сондай-ақ балалардың құқығын қорғай отырып, олардың пайдаланатын медиа-ресурстарына да дер кезінде көңіл бөлгеніміз дұрыс, – деп, әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарындағы баланың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғаудың маңыздылығына тоқталды. 

Жалпы зорлық-зомбылыққа қатысты ақпарат таратуда алдымен  журналистердің біліктілігін арттыру кезек күттірмейтін мәселелердің бірінен саналады. Әлеуметтік желілерді айтпағанның өзінде, кейбір медиа ресурстар нақтыланбаған ақпаратты таратуға немесе видео, аудио және суреттерді таратуда этика, мораль мәселелерін белден басып жатады. Ясауи университетінің профессоры Молдияр Ергебек өз сөзінде  таяуда ғана әлеуметтік желіде тараған мұғалімнің оқушыны жұдырықпен тәрбиелеп жатқан бейнежазбасына қатысты жазылған пікірлерге қатысты «Сол бейнежазбаны таратқандар арасында «Мұғалімнің істеп тұрғаны дұрыс па?» деген сауалды қойып, отқа май құяды. Көптеген оқырман мұғалімнің әрекетін құп көріп, таяқ жеудің арқасында адам болғандарын айтқан. Бұл ойға қосылатындар көп. Бұл да сол «Біздің ауылда бір қайырымды ұры бар, ол өте жақсы адам» деп айтуға ұқсайды. Бірақ біз олай айта алмаймыз. Себебі адам – ұры. Дәл сол сияқты қоғамның кейбір құндылықтарына қызмет ететін зорлық пен зомбылықты «жақсы» деп бағалауға болмайды» деген ойын айта келе, «Егер бала медиаңызда тек қана құрбандық ретінде тақырыпқа айналып жүрсе, медиа этика бұзылды деген сөз. Және бұл демократия мен адам құқықтарын талап етуші ерекшелігіңізге де адал емессіз» деді. «Қандай да бір зорлық-зомбылықты ақтауға құқымыз жоқ» деген Молдияр Ергебек, әртүрлі жарнамаларда, кинофильмдер мен телехикаяларда, теледидардағы шоу бағдарламалар мен интернетте айналымға түсіп жүрген, адам құқықтарын бұзатын, әсіресе балалардың құқық бұзатын лас контенттерге қарсы сезімтал болудың мән-маңызын әлі де болса түсінбейтіндердің бар екенін жеткізді. Оның айтуынша, қазір медиа кеңістікте еңбек ететін әріптестер адам құқықтарын, оның ішінде бала құқықтарын білмейді. Білсе де, қаралым үшін медиа этиканы саналы түрде бұзып жүр. Салдарынан балаларға бағытталған зорлық-зомбылықтар медиада ашық түрде көрсетіліп келеді. Басқаша айтсақ, медиа баланың құқықтарын бұзумен қоймай, оның басына түскен ауыр жағдайды тауарға айналдырып, аяусыз һәм абыройсыз іс атқарып жүр деді.

Жиын соңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі медиа жетекшілерінен дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдарды ескеру керектігіне мән беруді тапсырып, ортақ ұсынымды бекітті.

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 82
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 76
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 82
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 276
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 272
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 893

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8970
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8364
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11590
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9348
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10574