Балаларға базарлық

Балаларға  базарлық

Әріптер жыры

 

«А» дегенім ата, 

«Б» дегенім бата. 

«Қ» дегенім қарбыз, 

«Ж» дегенім жалбыз.

 

«Т» дегенім түйме, 

«К» дегенім күйме. 

«С» дегенім сәбіз,

«Д» дегенім дәліз.

 

«Г» дегенім гүлім, 

«Ү» дегенім үнім.

 «Ө» дегенім өгіз,

«Е» дегенім егіз.

 

«Н» дегенім наным, 

«М» дегенім малым.

 «Л» дегенім лақ, 

«Ш» дегенім шырақ. 

 

«Ә» дегенім әскер, 

«Ғ» дегенім ғарышкер.

 

Алғашқы 

қоңырау

 

Сыңғыр, сыңғыр қоңырау 

Соғылады мектепте. 

Асығамыз біз бүгін 

Сол мектепке жетпекке. 

 

Сыңғыр, сыңғыр қоңырау, 

Таңды ерте атырды. 

Бала шаққа қош айтып, 

Болашаққа шақырды.

 

Кешірімді бол 

 

Ақтай сенің қаламыңды 

Қағып кетті байқамай. 

«Кешір досым!» дейін десе, 

Ұялып тұр айта алмай. 

 

Абайсызда ағат кетсе, 

Кешіріп қой Ақтайды. 

Кешірімді бала болсаң, 

Жұрт өзіңді мақтайды.

 

Тәуеттің ерлігі

 

Қарлығаштың ұясына, 

Шықты жылан өрмелеп. 

Шырылдады балапандар: 

«Пәле қайдан келді?!» деп.

 

Қарлығаш та жылдам ұшып, 

Дос – тәуетті шақырды. 

Тәует келіп жыланға 

Айбаттанды, ақырды. 

 

Ақырды да аяғымен 

Шауып көзін ағызды. 

Құтқарып қап балапанды, 

Домалатты жауызды.

 

Балапандар алғыс айтып, 

Шулап кетті:

«Алақай!». 

Достық қандай, ерлік қандай, 

Қараңдаршы, балақай!

 

Таудай бала

 

Алма берсем, атама, 

«Таудай-таудай бол!» дейді. 

Алмұрт берсем, апама, 

«Таудай бол!» деп сөйлейді. 

 

Таудай әлі болғам жоқ, 

Кіп-кішкентай баламын. 

Жотадай да бойым жоқ, 

Қашан таудай боламын!?

 

Таудай-таудай кітапты, 

Таусып-таусып оқимын. 

Тау суындай тап-таза, 

Ойға білім тоқимын. 

 

Сонда ғана ел мені, 

Биік тауға теңей ме?! 

Ата-апам да қуанып: 

«ТА-У-ДАЙ БАЛА» демей ме?!

 

Дәптер 

 

Аялаған ақ дәптер, 

Аппақ дала секілді. 

Ақ қаламым ақ кептер, 

Өрнектейді бетіңді. 

 

«Ата» десем, ақ дәптер, 

«Бата» берді, «5» пенен. 

Қате кетсем, ал егер – 

Қарайды «2» сеспенен. 

 

Үйренбесем, сәл тынып, 

Ұяламын дәптерден. 

Білім ғана мәңгілік-, 

Бақыт берген, бақ берген.

Жәди ШӘКЕНҰЛЫ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 126
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 314
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 938

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9011
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8406
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11632
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9390
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10616