"Отбасы институтын нығайту және гендерлік мәдениетті қалыптастыру" дәрісі аясында Шу ауданында
жиын өтті. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы тапсырысы аясында өткен дәрісті "Нығмет нұры" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Құқық қорғау, психолог және әлеуметтік мамандар мен ауыл тұрғындары қатысқан іс-шарада балаларды толық отбасында тәрбиелеудің маңыздылығы, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі талқыланды.
Бұл тақырып бүгінде қоғамды алаңдатып отыр. Өйткені бүгінде жалғызбасты аналар мен жайсыз отбасыда тәрбиеленіп жатқан ұрпақ көп. Салдарынан балалар мен жасөспірімдер арасында түрлі құқық бұзушылық фактілері орын алуда.
Әрбір бала кәмелетке толғанға дейін арнайы қорғау мен қамқорлыққа мұқтаж. Бұл ретте бүлдіршіндер мен жеткіншектер үшін ең қауіпсіз орын - оның үйі, отбасы болып саналады.
Басқосуда мамандар өзекті мәселені шешудің жолдарымен бөлісті. Нақтысы, екі жас шаңырақ құрмас үшін арнайы жанұялық өмірге, бала тәрбиесіне аса ұқыптылық танытқан жөн. Тіптен мемлекет тарапынан отбасы институтын дамыту қажеттілігі де айтылды.