"Жеті ата"жобасын енгізу жөніндегі Үндеу- Ұсыныс

"Жеті ата"жобасын енгізу жөніндегі Үндеу- Ұсыныс

АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ, ҚҰРМЕТТІ АҚСАҚАЛДАР МЕН ЕР-АЗАМАТТАР! 

АРМЫСЫЗДАР, АРДАҚТЫ АБЫСЫН-АЖЫНДАР!

 

Біз ақсақал деп немере-шөберелі болып, бар өмірін ұл-келіні мен қыз-күйеулерінің қызығын қызықтап, өмірінің нәрін ұрпағына арнаған әрбір ер-азамат пен абысын деп, бір не бірнеше келін түсіріп, ұрпағын бағу мен тәрбиелеуге көшіп, солардың болашағын өмірінің мәні еткен, солардың қызығы мен ғұмырларын жалғастырып жатқан аналарға үндеу арнап отырмыз. 

Бұл үндеу - қазақ ақсақалы мен абысынын ата-бабадан мирас болып қалған «жеті аталық» құрылымды қалпына келтіру арқылы, сіздердің қоғамдағы мәртебелеріңді көтеру мен ұрпақ алдындағы парызды атқару жолындағы  бастама.

Біздің ғылым да, қоғам да бұған дейін «жеті ата» турасында, оның қадыр-қасиеті мен мазмұны қақында жүйелі-жүйесіз әңгіме түрінде қозғап келді. Енді қазақ қоғамын аса бір түйткілді әлеуметтік, отбасылық, әулеттік, аталық деңгейіндегі мәселелерді ұлт болып қолға алуға шақырмақпыз.

Әрине ХХІ ғасырды халқымыздың ұлттық танымы мен дәстүрінің мәйегі бұзылмаған бұрынғы дәуірмен салыстыра алмаймыз. Алайда, біз көтеріп отырған аталық құрылым бүгінгі қоғамның әлеуметтік мәселелерін тек қана мемлекеттің иығымен шешу мүмкіндігінің жоқ екеніне көз жеткендіктен осы мұратты бетке ұстап отырмыз. 

Бүгінде қайбір халық та жаһандану үрдісіне ұшырап, кескін-келбеті мен қадыр-қасиетіне нұқсан келтіруде. Сол жағдай бізге де таяп келеді: қариялар мен кейуаналар қарттар үйін жағалай бастады, немерелер ата-әжемен өгей тілде сөйлеседі, ұл үйленуге, қыз тұрмысқа шығуға асықпайды,тіпті мыңдаған ұрпағымыз тізесін құшақтаумен өмірден жалғыз өтуге көндіккен күйде. 

Халқымыз бұның бәрін өзінің өмір салтына сіңірген күйі ың-шыңсыз шешіп келген еді. Біз егемен ел болғалы сол қалпымызға қайта қарауға мұршамыз болмай, біршама уақытты текке өткізіп, бүгінгі уақытқа төтеп пен жауап беретін текті салтымызды сыртта қалдырыппыз.

Алаштың аталық институтын қалпына келтіру жобасын әзірлеу барысында біз біршама жайттарды ғылыми тұрғы мен қисыннан зерделедік, зерттедік. Осылайша, Аталық институтын қалпына келтіру арқылы біз ақсақал мен абысын құрылымын, жеңгелік институтты сыналап жаңғырту арқылы  қоғамды дендеген біршама дерттен айығуға мұршамыз бар екеніне көзіміз жетті. 

Аталық немесе Жеті ата институты деп отырғанымыз - одүниелік болған шалдардың тізімін балдарға жаттату емес, көзі тірі көпті көрген ер азамат пен талай ұрпақты дүниеге келтіріп, келін түсіріп, қыз ұзатқан аналардың қоғамдағы, туысқандар ортасындағы орны мен рөлін айқындау және оны ұлы рухани ресурс есебінде іске қосу деген сөз. Біз бұған дейін бұл тақырыпты қасаң ұғыммен, ескі ертегінің сорабы ретінде ғана әңгіме етумен келдік. 

БҰЛ ЖОБА - АЛАШТЫ РУХАНИ АЗАТ ЕТУ ЖОБАСЫ. 

Бұған түрлі көзқарас болатыны рас, бірақ өткен ғасырды қайтару емес, заманға сәйкесетін жағын алып сіңіру қолдан келеді.  

 

Бәрінің жөні мен жосығы әлде де нақты жазылады, айтылады. Әзірге қолдаушыларды анықтаудамыз. Бұған тек қана еркеккіндіктілер емес, ене болып отырған ақжаулықтылар мен келін жұмсаған жеңгелер, қазақ қоғамына жанашыр кез келген тұлғаның қосылғанын

Біз ұлтымыздың рухани ағзасын құрайтын нағыз жасушасы Аталық институт екенін ұмытыппыз. Енді соны ел болып, жұрт болып, ұлт болып, мемлекет болып қалпына келтіріп, адамзатқа үлгі көрсетуіміз қажет.

Бүгінгі адамдық мұрсатты аяқ-асты еткен заманға төтеп беретін бірден бір азаматтық құрылым қазақтың осы - АТАЛЫҚ құрылымы екенін өзіміз ғана сезініп емес, әлемге паш етудің сәті келді. Адамзатты рухани апаттан құтқарудың бір тетігі осы әулеттік-туыстық деңгейдегі ЖЕТІ АТА бірлестігі. Әрбір жанұя өзінің тегі мен туыстығын бесінші болсын, жетінші болсын, әйтеуір бір атадан тарағанын ескеріп, ұжымдаса келіп, әлеуметтік-рухани мәселені бірлесіп шешуге жұмылса ғана, түйткіл мен тұйыққа тірелген бүгінгі рухани-әлеуметтік дағдарыс өз шешімін табатынына сенеміз.

Алайда, Аталық институты ру мен тайпаны әспеттеп, ұлттық жікке бөлетін кертартпа құрылым болудан сақтандырып, оны тек қана жеті аталық буын деңгейінде ғана қарастырсақ, діттеген мұратқа жетеміз. Бүгінгі кейбір рулық не тайпалық шовинизммен науқас топтарға айтарымыз, ол тақырыптың бәрін тарих пен тарихшыларға ғана қалдырып, бүгінгі ұлт өмірін заман талабына сай келетін ғана құрылыммен ғана алға бастыруымыз керек. 

ХХІ ғасырдамыз. Заманымыз жаһандану құйынын тұрғызуда. Жаһандану дегеніміз - аула таңдамайтын құбылыс, қай ұлт екенің есепке алынбайды, ең бастысы - 8 млрд адамзат үшін «бірегей» жасампаздар болады да, сол Адам ата ұрпағының алдына әлгі «бірегейлердің» біртұтас тұтынушысы болу жазылып отыр. Бұл тұтынушылық материалдық және идеологиялық салада жүзеге асып, адам бойынан етенелік (этникалық) сипат өшірілмек. Ол өшіру қасақана жасалмағанның өзінде, жаһандық үдерістің барысында болмай қоймайтын  нәтиже екені белгілі. «Көппен көретін ұлы той» бола тұра, бұл құбылыс ірі ұлттардың өзі үшін қатер бола бастады, сондықтан жер бетін антижаһандану қозғалысы да шарпуда.

Құрметті, Алаш жұрты! Асыл да текті бабамыз бойымызға сіңіріп кеткен төл қалпымызды қайта тұрғызайық, сыналап, бірте-бірте алға бастырайық. Бұны бәрі ұлттығымыздың құны мен болашақ ұрпақты қамы екенін есте сақтайық! 

Жеті атаға бірігуден бастап, жаңа ұлттық ғұмырымызды жетілдірейік! Аталық құрылым – алаштық мұрат болсын!

Әумин!

 

Сәуле Мешітбайқызы, «Елана» қоғамдық қорының төрайымы

 

Серік Ерғали,  «Elsana Amanat» қоғамдық қорының президенті

25.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602