Бас прокуратура бизнесті қорғайды

Бас прокуратура бизнесті қорғайды

Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің Жолдауларындағы айтылған «құқықтық саясатты іске асыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбы бойынша көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Мұнда азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен сот қорғауындағы құқ ықтары мен бостандықтары мәселелері туралы ақпараттық және танымдық білім беру шаралары көптеп ұйымдастырылып келеді. Сондай бір игі шара жақында Бас Прокуратураның мұрындық болуымен өз мәресіне жетті. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжіліс өтті. Бұл жайлы аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Мәжіліске құқық қорғау органдары мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында бизнес субъектілерінің құқықтарын бұзу, олардың қызметіне заңсыз араласу, жеткілікті негіздерсіз қылмыстық істер қозғау және бақылаушы органдар тарапынан негізсіз қысым жасау туралы 14 нақты өтініш қаралды. Мәжілістің қорытындысында әрбір өтініш бойынша құқықтық негіздер мен қолданыстағы заңнама пысықталып, түсіндірілді. Даулы жағдайларға ерекше назар аударылды – прокурорлар проблемалық материалдарды қайталап тексереді.

Бұдан басқа, іскерлік ортамен неғұрлым тиімді кері байланыс жасау үшін ІІМ-нің қосымша шараларды пысықтауы туралы шешім қабылданды. Бас прокуратура бизнесті қорғау қадағалау органы қызметінің басым бағыты болып қала беретінін атап көрсетеді. Мұндай мәжілістер кәсіпкерлерге заңсыз қысымның жүйелі алдын алу және экономикалық қызмет саласындағы заңның үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде өткізіледі.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ

17.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16511
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16363
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31537
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30157
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33749